"Жаз көңілін - салқындау күз алады,Ауыр сөзден жүректе - із қалады...Ол Ананың, Әкенің - жалғыз гүлі,Реңжітпегін!Ұрмағын - қыз баланы. Боқтауға да, ұрысып, ұруға да,Басқа шығып, басынып тұруға да.Құқығың жоқ!Сен емес! Тапқан, баққан......Бар міндетің,Бақытты - қылу ғана. Жігітпісің???Дәлелде - ақылыңмен,Ақылыңмен, сабырмен, ақырын кел.Жаймен айтқын, түсіндір - түйсігі бар,Қол көтерсең, көргендер - Мақұрым дер... Әкесіндей - еркелет, мейіріммен,Ағасындай - қорғағын, пейіліңмен.Өз досыңдай - сырлас та, жақын тартып,Өз жаныңдай сүйгейсің, "сен күнім" - деп.. Бек ЖЫЛҚЫБАЕВ