Аға бақсыға, Сарқыт қажы ақыретке аттанды
Аға бақсыға, Сарқыт қажы ақыретке аттанды

.... соңғы кездері  жеке  өмірім, бизнесім бәрі бәрі болмай жүр . Әйтеу бір сәтсіздікке шырмаламда тұрам. Не болғанына өзімде аң-таң. Сонымен бүгін мынадай шешімге келдім , «көріп келі бар адамдарға барып, келешегім туралы білгім келеді.  Қалай не қылуым керек,  оның бұл туралы қандай ақыл-кеңесі  бар? Мендағы уақытқа ұтылмай  айтқандарын орындасам бәрі дұрыс болар ма екен, шіркін ?» -деген өтінішпен мына бір адам келіп отыр.

Бұл мәселеге қай тұсынан, не деген тақырыппен кірсем, әңгімені қалай дамытып маңыздысы ақиқат дініне қалай шақырсам деген ойда отырған мені мына кісінің жөтелі  айықтырды. Бет әлпетіндегі  өмірдің салған іздері, егделеген жасы,  күрсінгеніне қосылған жөтелі ерекше бір күй кешіп жүргенін аңғартқандай.

-Аға xал-аxуалыңыз қалай, бала-шағаңыз аман ба?

-шүкір, шүкір деді бәсең үнімен.

-Аға мешітке қарай аттаған адымыңыз құтты болсын, дедімде қазаққа түс көргенде немесе кісі өлгенде дін керек есіме түсіп ...

-Аға Аллаға шүкір атыңыз, затыңыз мұсылмансыз. Бақсы балгер, тәуіптерге бару үлкен күнә, Алладан басқа ешкім ғайыпты білмейді, оларға сену күфірге апарады,-деп бастап сөз қозғағанымды тыңдағысы келіп отырған Аға жоқ. 

-Имам, мен асығыспын. Сенде менің айтқандарыма қосылатын түрің жоқ, бұрынғылар асау өзенді теріс ағызып, қара суды ұйытады деуші еді,-деп орнынан тұрды да бұрылып қарамай жүре берді.

Аға... Аға... Маған ренжіп кетті.

Сәл отырып Жанарбек имамға жалғадым, Сарқыт қажы қайтыс болды, от басына естірту үшін кетіп барамыз. Кейін xабарласайық деп қысқа жауап қайырды.

Кеше Бәтима марқұмның жетісінде Құран бағыштап отырғаны көз алдымнан өтіп, иманды болсын деп күбірлеп отырмын...Соңғы рет ұшырасып отырғанымызды кім білген. 

 

Аманкелді ҚУАНЫШҰЛЫАманкелді ҚУАНЫШҰЛЫ
9 жыл бұрын 3613
0 пікір
Блог туралы