Қиямет
Қиямет
        Басына барлық пенденің қатер төнген күн

 

        Қиналған дауыс шығарған тіпті көрілер де үн

 

        Исрафил сурын үрлеген кезде дүрілдеп

 

      Орасан болып күллі дүние үсіп сөнген күн

Өзінше тұрған ылди болып кетер өрлерің
Ауысып таулар орынына келер шөлдердің
Арпалыс болып жаһанда жаның түршігер
Аударылған күні астына үсті жерлердің

Өзгеріп бәрі өзгеше болып айналаң
Жандарын ойлап жан біткен болып байбалам
Күн менен Айдың бірігіп өзі бір жерге
Мухиттар тасып теңіздің бәрі қайнаған

Соқтығып бірі біріне алып таулардың
(Жабылып мәңгі есігі әрі «тәубаның»)
Зілзала жайлап жаһанның барлық аумағын
Тозаң ғып жердің топырағын да қалдырмай
Күл барша болып жұлдыздар жерге жауған күн

Апаттар жайлап өзгеріп барлық жер түсі
Шегіне жетіп үдесе егер жел күші
Жаратқан Ием жаһилдер үшін арнаған
Күллі дүниедегі жамандықтардың еншісі

Ғалымдар болжап айта алмай отыр кесімін
Ғаламат сырын ғажайып жердің төсінің
Егер былай бастала қалса- Қиямет
Білерім анық пенделер сенің…….. Кесірің!

Жанат Боқашұлы

Аманкелді ҚУАНЫШҰЛЫАманкелді ҚУАНЫШҰЛЫ
9 жыл бұрын 3202
0 пікір
Блог туралы