Қарбалас өмірдің тынымсыз тігісінде өткен күндер-ай
Қарбалас өмірдің тынымсыз тігісінде өткен күндер-ай

Тағы қарбалас өмірдің тынымсыз тігісінде бір күн өтті. Әр бір күніміз таңның атып, кештің батуын ғана тосып тұрған жоқ, сол бір күйбең тірліктің бітпейтін әлегінің ағымындағы ырғағына көніп, бейне бір сахарада адасып қалған адамның көзіне көрінген  шөлдегі су көрінген сағымдай үмітке беріліп, армандарға жетеленіп, мұрса жоқ. 

Ойға оралған өткінші жаңбырдай шелектеп құйып тұрған  дарынға малынып отырған мен жоқ. Жалғыз-ақ нәпсімді және өзгелерді فان الذكر تنفع للمؤمنين  қағидасы бойынша, тозаңның салмағындай болсадағы пайдасынан үміт күтіп ескертуге құмартқаным. Еске салып ескертудің құбылмалы әсеріде болады.

Пенделіктің алдын орап, дөп басып айтуда тәсіл керек. Адам дегеніңіздің бабы қиын, кез келген сәтте илеп тастайтын тулақ  емес, біреудің жақсылыққа шақырып, жамандықтан жиіркендіруіндегі ұсыныстарына көне бермейміз.

Осы тұста айтқым келіп тұрғаны жаңа дәуір, жаһандану кеңістігінде адамда пенделігіндегі әсірешілдікті  дамытып,  жандандырып алғандай ма, қалай?

Қатардан бір адамға барып дін ақиқатына шақырасың. Көзбен көріп, қолмен ұстағандай сезінбесе қабылдағысы жоқ. Түрлі сауалдары, өзі қанағаттанған жауаптары тағы бар. Еріген шамдай азғана өмірдің ең мәнді тұсы Жаратушыға құл болу, бұл мақсат орындалып жатса, қалғаныда сол арнада емеспе - десең әр түрлі сылтаулармен өзіңді шырмауға тырысады. Уақыты жоқ асығыс екенін айтып, жүре сөйлеп, жақтырмаған сыңай танытып кете барады. Пенделікпен ызаланып, ненің буына семіріп тұрсың екен деп күбірлейсің, жайбарақаттанбай мазасыз күй кешесің, өз өзіңе күбірлейсің "алдына келіп айттым, жеткіздім, куә болыңдар Періштелер"-деп. Сонымен сенде жолыңа түсесің. Шамданып, сөйлегің келмей бұлданып отырасың, иә дұп-дұрыс халіңді керісінше қылған сол адамға ренжисің. Бұл құбылыста өзгеріспен толы өмірде сенімен қоян-қолтық қалып қоймайды, айығасың. 

Сәл ойлансақ, адам өр көкіректігі болмаса сынақтың керегі не? Солай емеспе! Біз адам деген ақылды пендеміз ғой. Талай алыптар мен жауыз жаратылыстарды да, аспан әлемімен байланыстыда, мұнан талай уақыт бұрын адамдардың ойына кірмегендердің бұл күндері биігінде қалықтап жүрміз. Сондай мүмкіндіктерді бағындырған пендені Жаратушыға бағын деп айтуда, ғибрат толы тәсілдерді қолдануға қамдану керек-ақ екен. 

Аманкелді ҚУАНЫШҰЛЫАманкелді ҚУАНЫШҰЛЫ
9 жыл бұрын 8075
0 пікір
Блог туралы