Жалынды жастық пен нәпістің құлға қолқа салуындағы пенденің "КӨМПЕСТІГІ"
Жалынды жастық пен нәпістің құлға қолқа салуындағы пенденің "КӨМПЕСТІГІ"

Япырау өмір өтіп жатыр. Тағдырдағы кестелі уақыт өз бедерін салып тоқылып үлгеруде. Сол тоқыманың нәтижесіде біздің қамшының қысқа сабындай-ақ өмірден алып қайтқан олжамыз дегенге тоқталғанда "не ексең соны орасың" еріксіз еске түседі. Бұл пәниде біреуге ұтыласың, тағы бір тұсынан ұтарсың, қойшы олдағы алма кезек емеспе. Нағыз есеп жан тапсырғанда, тіпті жан алқымға тірелгенде басталып...

Ойбайдан бұрын өмірге өз еркімізбен келмедік, өз еркімізбен қалмаймыз, тіпті өз еркімізбенде қайтпаймыз. Менікі дегеннің бәрі ИЕСІНІКІ деген оймен мазаланып көрелік. Бұл күндері адам болып жаратылып оның ішінен Мұхаммәдтің (с.ғ.с) үмметі болуменде маңдайымызға жазылған бақты кері қайтарып алмайықшы. Ол үшін қол қусырып қарап отыру емес, бізге берілген сан мыңдаған мүмкіндіктерді қолдану керек-ақ. 

Бұл қолданыстар Дін және оған бағыну деген үлкен арман көпірмен ұштасады. Жалғыз-ақ мұны әркім өз пайымына қарай екшеп, өлшеп емес ИЕСІ қалай танымдады сол қалпында қабылдау керек. Олай болса бұл жолдағы бақтияр адамдардың дариясына шомылуды мақсат тұтынуда әлекке түсіп көруге құмартқан жөн. Қараңызшы, біз тірлікте дүниелік кәсіп үшін  шарттарына қалай бағынып, уақытымызды қаншалықты түгетіп, сан алуан себептерге сұғынып, тіпті бойұсынып жүрміз. Сәл ойлансақ біз дүниеде сынақтамыз, сынақтыңда ауыры бар, жеңілі бар, бірақ сыналтуда қаперімізде жоқ қанша ағаттықтар кетіп жатыр екен, олдағы беймәлім. 

Негізінен дін бізге жауапкерлік жүктейді. Мұны қабылдау, сезіну, қорқу, үміттену рухани тебіреністер. Кімнің жүрегіндегі иман саңылау нұры қаншалықты нұрланды, олдағы соншалықты салмақта, кімдағы ол ниғметтің қадірін білмей жүр, олдағы жалғасты түрде иманын әлсіретіп сөндіруге беталыста. Тағы бір ой елегіңізге үңіліңіз, біз мұсылмандықты біреу үшін емес өзіміз үшін қабыл алғанымызды сезінесіз. 

Иә, тақырыпқа қарай көшелік. Адам жаратылысындағы дініміздің бұйырған жауапкерлік кезеңіне тоқталып көрелікте, Исламның бізге бұйырған әмір және тиымдарын шарттарына сәйкестіріп, көркем түрде орындап, жауапты болу үшін ақ пен қараны айырған, ақыл тоқтатқан, еркіндік шағына жеткен болуымыз керек ғой. Осы еркіндік шағынан басталып, пешенемізге жазылған өмір өліммен ұштасқанға дейін белгілі жауапкерлік жүктенеміз. Олдағы ДІН АМАНАТЫ ! 

Осы жолда жастық шақ пен нәпіс қызығуындағы тізгін кімнің еркінде, сол маңызды. Жас азамат "жастықтың мастығын" иман байлығымен кері қайтарып, тойтаруы алып күш. Мұндай алғыр күшті нәпісте, шайтанда қаламайды, соққыларына қарсы сан алуан айласында аямайды. Бір қызығы сынақ майданындағы шайқастың жалғасындағы жас азаматтың олжалы болуы үшінгі талпыныстары, нәтижесіз аяқталмауы. Себебі мынау қоғам, біз өмір сүрген айнала алдамшы дүниенің безендірілген, көңілді елең еткізіп, думанға батырардай "бері кел" деп шақыруында қатпарланған, салмақты тұзақ бар. 

Алла Елшісі "Алла Тағала жеті түрлі адамды ешбір сая жоқ күні өз мейріміне бөлейді " -деп басталатын хадисінде мына бір топтан хабар береді : "Аллаға бойұсынып, ғұмырын құлшылықпен  өткізген жас жігіт"  басқасы еместе жас жігіт! Олай болса бұл уәделі, сүйіншілі хабардың  Мұхаммәд Пайғамбардың (с.ғ.с) үмметі үшінгі маңызыда зор болмақ. Бірақ, неге аты аталып, өңі түстелді екен? 

Жастықтың күші мен нәпістің әуресіне қарсы сабырмен шайқасқаны үшін, Жаратушымыздың сыйы. Шын мәнінде діннің әмір және тиымдары әр бір адам үшін маңызды, әрі аманат болмақ. Бұл аманаттыңда жастардың құзырында қиянаттан аман қалуы өз алдына таудай мақсат. 

Мысалы, жасы келген, кәрілікке беттеген ақ сақалды атаға қаралықта, бұл қарияның күнәлі істерден аулақ қалуыда ойландырмай ма?! Себебі, оның бетіндегі өмір салған іздер, көзінің қарасының қуатының әлсіреуі, аяғының басылмауы, белініен күш кетіп бүкірейюі, жұмыршағының түк көтермеуі, тағы басқа ақаулары... Бұл адамға нәпсі қандай қолқа салар екен !

Ал, керісінше тепсе темір үзетін, от пен судан тайсалмайтын, бой десе бойы, көрік десе көркі, бойында жастықтың қаны ойнаған ұрынарға қара ізденген жас жігіт. Иә міне дәл өмірдің осы бір кезеңінде тағдырда белгіленген аманат уақыттың кестесіне жалынды жастық пен нәпістің құлға қолқа салуындағы пенденің "КӨМПЕСТІГІ" қандай ою өрнек салады екен. Төрешісі ЖАРАТУШЫМЫЗ .

Аманкелді ҚУАНЫШҰЛЫАманкелді ҚУАНЫШҰЛЫ
10 жыл бұрын 3468
0 пікір
Блог туралы