Намазым бар деп ерекшеленіп, менменсуде керек емес !
Намазым бар деп ерекшеленіп, менменсуде керек емес !

Әр бір мұсылманның білуге тиесілі міндетінің бірі НАМАЗ. Иә намазды күнделікті бес уақыт парызым деп сенумен бірге оған иелік көрсету керек. Құран аяттары, хадистер, фиқһ кітаптары бізге осыны үндейді. Намазымыз болса парыз екеніне сеніп орындауымыз арқылы бізді имандылыққа, жақсылыққа құмартуға бөлесе, Жаратушымызбен тіке байланысымызда мейріміне үмітімізді байлайды.

Парыз намаздарымыздың құндылығы жадымызда жатталған соншалықты, қасиетті Құран аяттары болып, хадистерде де сүйіншілеумен қатар қатаң ескертуде аталып айтылумен бірге ғалымдардың том том кітаптары жеткілікті. Аллаға шүкір бұлдағы ниғмет, оның қадірін білуде мұсылман адам үшін зор міндет. Күнімізде ислам діні және оның шарттары тұрғысынан мұсылман еместерде әжептәуір мәліметке ие екеніде жасырын емес.

Сол себепті намазым бар деп, ерекшеленіп менменсуде керек емес. Келесі біреумен ара байланысымызда "намазы жоқ"-деп паңданып, шүйіркеніп, өзгешелік танытуда қателік. Біз айналамызды түрлі түсті адамдар қоршаған ортада өмір кешіп жатырмыз. Құлшылығымыз бар болса олдағы жеке басымыздың рухани ерекшеліктері болып, солай таразылану мұқтаждығы бар. Сырт көздің, бөгделердің бізді шыншылдығымызбен, көркем мінез құлқымызбен қарсы алуын көздеу керек. Біз турасында біз күштеп емес, қимыл іс әрекеттеріміз, талпыныстарымыздағы дінге бағыныштылығымыздың жанды мысалы ортада болуы ауадай қажет. Намаз өз уақытында мешітте, жұмыс орнында, үйде немесе кез келген жерде орындалатын-құлшылық.

Мұның сыртында өміріміз тек намаз оқумен ғана шектелмейтінін бәріміз білеміз. Ал намазымыз Жаратушымызбен байланыс өлшеміміз бізді үмітке ғана байламайды, үрейлендіріп қорқынышқада шомылдырады. Өйткені  бізге түбегейлі кепілдік болуы он бесіне толған айдай анық емес. Өмірде нелер болмайды, өзгеріске толы емеспе ! Қарасаңыз бір адам өмірінде күнәлі істер жасаумен өмірінің соңына қарай жақсы амалдар жасап жатса, енді біреулер керісінше болып жатпай ма?! 

Сондықтан әр бір мұсылманның өзіне тікелей берілген міндеттемелерін атқаруында мұқиятпен дос болғаны жөн. Кемелдік Аллаға, нұқсандық бізге тән. Пенденің пендешілдігіндегі ағаттықтарға кешіріммен қарап, құлдығымызды шамамыздың келісінше орындап, аумалы төкпелі ет жүректегі иманымызды оны аударып, төңкеруші Алладан  тұрақты болдырса екен деп сұрайық !

Аманкелді ҚУАНЫШҰЛЫАманкелді ҚУАНЫШҰЛЫ
9 жыл бұрын 3450
1 пікір
  • Алла тәккәпарлықтан сақтасын. Неғұрлым білім артқантырған сайын, соғұрлым адам өзін қарапайым ұстауы тиіс.
    9 жыл бұрын
Блог туралы