Мұсылманмын. Халал жолмен жүрем. Маған керегі xалал. Бірақ xалал деп ұсынылғандар күмәннан айықтырмаса xалал екен деп ұрына бергім тағы жоқ деген әңгімеге байландық. Жақсы мұсылмандық пен xалалдық ұстаным өміріміздің айнымас шарттары. Сол себепті xалалынан табыс, халалынан рыздық керек, xалал жолмен тапқанымызды xалалына жұмсауымыз керек. Әсіресе азық түлігіміз xалалынан болуы маңыздырақ. Себебі тамақтан өткендермен күш алып соныменен дін әмірлерін орындаймыз.
Жалғыз осы күндері біреуге шынымен xалалы керек болса енді біреуге бизнес алаңында xалал деген тақырып маңызды сияқты. Адам болған соң аласы ішінде, ислам тариxында алғы саптан орын алып намаз оқығандар қатарындағы екі беткейлерден болып Халифада шәйт болды емеспе деп ойлансаң бейуаз момындарға айла қолданып табысқа жетуді құмартқандар солардың сарқыншағы ! Ондайлар қоғамда да жоқ емес....
Бізге керегі біреу xалал шайxана аштым десе, оған: "Көз алдымда xалалдап мал сой, соның етінен маған тамақ жаса, бәрі көз алдымда болсын" - деген тілек орындалмайды ғой, мүмкінде емес. Сонда да сенім керек. Күмән да жақсылық емес. Науқан болып жатыр, дастарқан тамаққа толы, адамдар әңгімені соғып, тамақты жеп отыр, сол тұста қайтсем екен деп ерекшеленіп, мұрын шүйіріп отыру да бір кикілжіңнің басталуына нақты себеп.
Алланың xалал еткендері шексіз, xарам еткендері де санаулы. Дініміз xалалға құмарлықтың өзіне сауап жазатынын, xарамынан алыс болудың ниет болып көңілден өтудің өзіне де дәрежелер берілетінін үйретеді. Жалғыз-ақ жыға танып, көзбен көріп, қолмен ұстағандай күйде болмасам деп ұран көтеру, дін оңайластыр десе қиындатудың жолын аңсардың ісі ғой.
Бізге керегі тақуалы алаң құрастыру, өзара сенім орнату, күнделікті тұтынатын заттарымызды сенімді адамнан алу. Қоршаған ортаны күмәннан айықтыруға атсалысу, ерекшеленіп маңғазданбай бұл жолда атсалысу керек.
Қазіргі мұсылмандықта талайы бар. Біреу xалал деп тімтініп, тістеніп жүрсе келесі біреу xарам болғандардың xалал болу арманына іздеу салып жүр...