Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) арналған кештен ...
Пайғамбарымызға (с.ғ.с.)  арналған кештен ...

Моңғолия елінің астанасы Ұланбатыр қаласында Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) арналған «ЖОМАРТТЫҚ СҰЛТАНЫ» атты кеш өтті. Бұл кеш арқылы мұнда жиналған көпшілік қауымның күнделікті тіршілік күйбеңге  бірнеше сағатпен болсын шектеу қойып, жомарттық тұрғысында кімге емес, кімдерге не ұсыну арқылы өз нәпсі үшін қаншалықты жомарт,  қамқорлық жасаудың керекті екеніне үңілді ме екен, солай да шығар.  

Біз мейірім, рақымды, жомарттығында шексіз ЖАРАТУШЫМЫЗДЫҢ құлымыз. ОНЫҢ өзін танып білуіміз үшінде құлдары арасынан ғаламға рақым нұры ретінде  жіберілген Пайғамбарымызда (с.ғ.с.) «жомарттық сұлтаны» атауына ие де, лайықты. Себебі, Пайғамбарымыздың  (с.ғ.с.) өмірі бізге үлкен үлгі, таусылмас киелі мұра, талай жомарттықтың куәсі. 

Оның  (с.ғ.с.)  әкесін көрмей өмірге келуі, анасынан ажырап жастайынан жетім қалуы, атасының қолына өтуінен кейін  көкесінің қамқорлығында жалғасуы. Осындай әлсіз, адамдарға мұқтаждық күй кешуі, бізге көп нәрсені аңғартуы керек. Себебі, ОЛ (с.ғ.с) алдағы күнде Пайғамбар болады, қатардағы Пайғамбар емес, Пайғамбарлар ҰЛЫҒЫ, соңғы ПАЙҒАМБАР. Бұл кезең үшін РАББЫ оны тәрбиеледі.  Түрлі сүзбеден өткізіп, дайындады.

Алланың пенделеріне деген жомарттығына сый, куә ретінде таңдалған құл, Алланың елшісі  Мұхаммәд (с.ғ.с.) жер бетін жомарттығымен сілкіндірді.

Мұнан біздің түсінетініміз ол (с.ғ.с.)  ИЕСІНІҢ қалауы мен қамқорлығы аясында өмірдің, тірліктің мән жайының дәмін татып, ХАҚ тағаланың мейрімі арқылы  сол дәуірдің қараңғылығындағы біртұтас надандықтар толқынынан аман қалды.

Жәнеде адамзаттың надандық пердесін жыртып, негізгі мақсаттарын түсіну жолындағы қайталанбас құл,  аманат жүктеген ҰЛЫ ЗАТ  ретінде ол  МҰХАММӘД  (с.ғ.с)  танылды.

Иә, мынау залға жиналғандар үшін сахна пердесі ашылды.  ПАЙҒАМБАР (с.ғ.с) деп көңілі, жүрегі алып ұшқан иманды жандар бәрі бәрі үнсіздіктерін бағып ОНЫҢ (с.ғ.с)  мұғжизасы қасиетті ҚҰРАН аяттарын тыңдады. Мағынасына үңіліп жеттік түсініп отырғандарда шамалы, бірақ Алланың ХАҚ КӘЛӘМІ деген ұғымға , иманға ие жандарда байқалатын мойынұсыну көрініп тұр.  Ал аяттар болса АЛЛА ризалығы үшін сізге берілген аманат мал мүлкіңізден соның жолында  жұмсай білу туралы еді.

Мұнан кейін, сахнадағы ақ пердеге ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ жомарттық  жайлы асыл хадистері тізбектелді. Не деген жомарттыққа жұмылдырған көңіл дариясына сыймайтын зор ҮММЕТПІЗ. Қараңызшы, жолдағы тасты алып тастауыңда садақа дейді. ҮЛГІ тұтар көшбасшымыз, ұстазымыз, басымыздың асыл тәжі Пайғамбарымыз (с.ғ.с) не деген жомарт болған. Есігіне келген адамды құр қайтарғысы келмегені соншалықты, намазға баратын киімінде беріп үлгеріпті ғой. Осы ұлы тұлғаның (с.ғ.с.) үмметі болудағы үлкен сый ғой, шіркін. АЛЛАҒА ШҮКІР.

Атымтай жомарт туралы студенттердің қойылымына назар аудардық. Бұлдағы, басын алып қайтуға әмір алған жендетке ол адамның  көрсеткен жомарттығы туралы. Демек, жомарт болу жақсы сипат, ол сипатқа иелік етуіңіз келесі біреудің көңіл көзінде, иман таразысындағы келісер аялдамасы. Яғни, біреудің дұрыс жолға бет алуының асыл себептері ислам үмметінің  сөз бен қимыл әрекеттерін біріктіруінде жатқандай.

Кезек домбрада, нағыз қазақ ҚАЗАҚ емес, нағыз қазақ домбра демекші, домбрасымен мына бір азаматта сайрап тұр. Домбраның пернелерінде ойнаған саусақтар мен Пайғамбар (с.ғ.с) туралы айтылған өлең, домбра десе елең ететін залдағылардың назарын тіптен баурады. Аталмыш өлең жолдарыда әсерлі әуенімен жұрттың көңіліне «ЖОМАРТ БОЛ» деген із қалтырыпта үлгерген шығар. Ду қол шапалақ, дыбысыда ризалықтарының куәсі емес пе!

Мынау бір бүлдіршін бала, тәтті  тілімен тағы бір өлең оқып тұр. Өлеңнің аты «күнəмді кешір АЛЛА». Құлының  ЖАРАТУШЫСЫНАН кешірім ала білуі  үшін, құр алақан, имансыз жүрек емес, үмітке байланған иманды жүрек пен ықласпен жасалған ізгі амалдар керектігіне тоқталыпты. Бірақ өлең шумақтары болғандықтан көңілге құйымды мағынасымен толқытып тастады.

Жиналған  зал қатарын толтырғандар жастар қауымы, ұйымдастырушылар жастар, жүзеге асырушы тобы тағы жастар. Тамаша көрініс. Алла қаласа осы жастар әлі талай жомарттықтың жанды мысалы болуға бел байлап, қамданып отырғанда шығар.

САҒЫНДЫҚ СЕНІ, Я РАСУЛАЛЛА!

Аманкелді ҚУАНЫШҰЛЫАманкелді ҚУАНЫШҰЛЫ
9 лет назад 3505
0 комментариев
О блоге
Прямой эфир