Кітабымызға қаншалықты иелік көрсетеміз, соншалықтымыз!
Кітабымызға қаншалықты иелік көрсетеміз, соншалықтымыз!

Қасиетті ҚҰРАН. Иә ол қасиетті кітап. Құран Пайғамбарымның (с.ғ.с) мұғжизасы. Құран мұсылмандардың бірден бір ерекшелейтін, құрмет көрсететін теңдессіз КІТАП. 

Мұсылманбыз, Құран қымбат. Бірақ, құрмет көрсетуде қателігіміз баршылық. Құранға ие болу деген сөз үйімізде, төрдің қақбасында ақ шүберекке түйіліп биікте ілулі тұрумен бірге өлім шығыны болғанда парақтары ашылып, хатым жасалып сол баяғы биікке қайталап іліп қоймау шығар. Қайғылы күнімізде басқа нәрсе емес ҚҰРАН керек болған соң, хатымы жасалып, сауабы бағышталды. Себебі ҚҰРАН хақ, өлім де хақ. 

Бірақ, бұл кітаптың ішінде бізге нелерден хабар береді. Мүбәрак беттеріне үңіліп көру керек шығар. Шын мәнінде Жаратушымыз бізге қасиетті кітабында екі дүние бақытынан үміттер қозғайды. Демек бақтияр болу үшін уақыт шығындап бодауына уәделі ұжмақты алмаймыз ба?! Ешкім ештеңесін ақысыз беруге құмартпайды, керісінше бұлды болып баға сүйгенін қалайды. Олай болса Алла да құлдарына: "Аманат жүктеген кітабыма қарап оқы" - онда: "ӨЗІМ жайлы, сен жайлы және басқадай сенің әлсіздігіңді мойындатып маған қарай жетелейтін белгілер бар" - дегендей.

Қасиетті КІТАБЫМЫЗ, иман иелерін Алланың барлығына, бірлігіне деген күмәнсіз сенімдерінде тұрақтануға шақырады. Пайғамбарларға және Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) сенумен қатар иманның негізі болған қалғандарында тіл мен күбірлегеніміздей жүректерімізде бекемденуіне талпынған, шыншыл құл болуымызды қалайды. Бізден бұрын жер бетіне келіп уақтылы мекен етіп кеткен қауым, халықтардан хабар береді, олардан бізге қалған ғибраттарды ақтарады.

Теңдессіз МҰҒЖИЗА кітап, Мақлұқаттардың жаратылуына және ондағы ИЕСІНІҢ күш, құдретіне саяхат қылуға шақырады. Қас дұшпанымыз шәйтанның айла, қулық, тұзақтарынан сақтанудың әсілін және тәсілдерін ұсынады. Сонымен қатар шәйтанның тұзағына түсіп, нәпсінің тізгінінен айрылғандардың есеп күніндегі хал-ахуалы мен уәделі жәннәттің ниғметтерінен сүйіншілі дастарқандар мен зәулім сарайлардан сыр шертеді.  

Берекеттер БЕКЕТІ кітабымыз, дүниелік аз ғана өмірдің ұқсасы жоқ кепілдігі үшін ақтарылған шариғат үкімдеріне шақырады. Бұл дінде зорлау жоқ, қабыл алып мұсылмандығыңды жария еттің бе, исламыңның қорғаны болатын шарттары бар. Міне сол үкімдерді ХАҚ иесі атқаруымызды бұйырып, кітабына  жол сілтейді. т.б.с.с ...

Біз ҚҰРАНҒА иелік танытқаны соншалықты, "ОЛ (с.ғ.с.) жер бетінде тірі жүрген ҚҰРАН еді "- деген тәмсіл сөз қалтырған, қасиетті ҚҰРАНЫНА, сол Құранның иесіне ғашық болған ардақты Пайғамбар МҰХАММӘДТІҢ (с.ғ.с) үмметіміз. Бақыттымыз. 

Олай болса біз КІТАБЫМЫЗҒА қаншалықты иелік көрсетіп жүрміз, соншалықтымыз! Алла біздерді кітабынан, һидаятынан, тәуфиқынан айырмасын. 

Аманкелді ҚУАНЫШҰЛЫАманкелді ҚУАНЫШҰЛЫ
9 лет назад 3219
2 комментария
О блоге
Прямой эфир