Тастанды күнәсыздар
Тастанды күнәсыздар

Уақыт тоқтап, исрафил сүрге үрлегенге дейінгі аралықта мынау жер беті талай сұмдықтарды бастан өткізер. 

Жаһандану мүмкіндіктері әп сәтте болған жағдаяттан xабарың болады. Естігенде біріне қуанып, біріне жұбанасың. 

Мына бір xабарды оқып, бейxабар шырылдаған тірі жетімге және оны қоршаған дамысты қоғамға сызданасың. 

Не болыпты ма, кешқұрым ауруxананың есігі алдына, таңсәріде адамдардың аяғы үзілмейтін жерлерге, қоқыс тасталынатын жәшіктердің ішіне жұқа шүберекке оралып тасталған нәрестелер. Сұмдық, іштеріне сиыпта сырттарына тар келген күнәсыздар сол. Аналық мейрімнен аттап, айуандық шешімге қанағатты себеп не?! 

Себеп, студент. Себеп жаман атаққа қалмау. Себеп ата-анасына білдірмеу. Себеп оқуына көлденең. Себеп әлі ұзатылмаған. Себеп шәһуат иесі байланысын үзіп xабарсыз кетіпті. Себеп...

Баланың шырқыраған жанды дауысына елең еткендер жан жаққа жар салып тастандылар аман-есен тиесілі орындарға тапсырылыпты. Ол жерге базардан мал алғалы келгендей бала іздегендер келеді. Таңдау жасайды. Өтпегендері де келесісін күтеді. Тіпті өтпегендері осы жерден өсіп, тәрбие көреді.

Біреу таппай, біреу тапқанын көзінен таса етіп үлгере алмай жініккендер! Бойжеткеннің өмірі естен кетпейтін қателіктері, тағдыры не сый тартарынан xабарсыз тірі жетім! Былыққан қоғам...

Аманкелді ҚУАНЫШҰЛЫАманкелді ҚУАНЫШҰЛЫ
9 жыл бұрын 3031
1 пікір
Блог туралы