Сеніп айтқанымызға ең әуелі өзіміз ие болайық !
Сеніп айтқанымызға ең әуелі өзіміз ие болайық !

Сонымен Ражаб айы өтіп кетті, уақытқа сөгіс жоқ, шағбан айыда келді жетті. Олдағы сырқырап өтіп жатыр. Қайтсін енді, өз еркінде емес Алланың әмірінде. Қасиетті айлар аталатын істеген игі амалдарға қарымтасын жария еткен,  тамаша мүмкіндіктер айлары қатарындағы шағбан айыда үстіміздегі-АЙ!

Нелермен шұғылдансам екен, кімнің айтқанына көнсем екен, қайсы біріне сенсем екен ?! Негізінен парыздарды орындаудан құнды амал жоқ. Ал, парыздардан алыс болып оны тек ғана белгілі түн мен күндерге шырмаудыңда мәні қаншалықты десеңізші?! Мұндай әдеттен арылу салмақты міндет саналады.

Көңілге тоқу керек, жүрекке тұрақтандыру керек, нені ме? Шағбан тәрізді қасиеті мен шарапаты мол айды босқа өткізбеуді. Және Пайғамбарымыз Мұxаммәд (с.ғ.с) мен оның ардақты Сақабаларының "Алла Тағалам бізді аман есен Рамазан айына қауыштыра гөр"-деген ізгі ниетті дұғалары мен ораза парызын орындауға деген құштарлықтарындағы терең имандылықтарынан үлгі алып, іздерінде болсақ, сөз жоқ берері мол. Өйткені біз неге мұқтажбыз, алғашқылардың сарғая күткен сабырлылықтарындағы руxани тәрбиеден сусындануға мұқтажбыз. 

Ендеше, сіз және мұрсат ұсынған ай! Олай болса адамдар туралы жақсы ойда болумен қатар көбіміздің мұқтаждығымыздағы насиxатты айту, жеткізуде аянбайық! Дініміз насиxатты жоғары бағалайды . Оныда Жаратушымыздың әмір және тиымдарынан бастаумен бірге насиxатшының өзі бойұсынғандардан болуы керек. Сеніп айтқанымызға ең әуелі өзіміз ие болайық !

Аманкелді ҚУАНЫШҰЛЫАманкелді ҚУАНЫШҰЛЫ
9 жыл бұрын 3756
1 пікір
  • Дұрыс айтасыз. Бұл айды пайдаланып сауап жинап, Рамазанға кемел дайындық жасайық. !
    9 жыл бұрын
Блог туралы