......жер бетінде бұзғындық жасамай қайту басты мақсатымыз да!
......жер бетінде бұзғындық жасамай қайту басты мақсатымыз да!

Адам болған соң, ақылымыз бар. Ақ пен қараны ажырататын сипатымыз бар. Жақсылық, жамандық үшін таңдау қылатын нәпсіміз бар. Біздей жаратылыс қайда?! Бізде басқаларында жоқ көп мүмкіндіктер бар. Бірақ, мықтылығымыздан өзіміз жасап алған жоқпыз. Тіпті біз бейқабар заманда, Жаратушымыз өзі біздің әр біреуіміздің кім болып өмірге келіп, не қылып қайтатынымызды ӨЗІНЕ ТӘН сипатымен біліп, пешенемізге жазған.


Жер жаһанды тепкілеп, менмендікке беріліп, өлмейтіндей өмір сүруге ұмтылған, көкірегіне тәкаппарлық құйылған жандарға таң қалып, сызығына тірелген уақытында жер қойынына шақырумен өткен уақыт-ай десеңізші, шіркін !

Иә, адам деген көркем пішінде жаратылып, ИЕСІНІҢ құзырына жексұрын болып қайтуыда өте өкінішті. Бірақ, пайдасыз. Осы топ турасында Пайғамбарымыз (с.ғ.с) :"Екі жүзділердің белгілері мыналар:"сөйлесе жалған айтады, уәде берсе сөзінде тұрмайды, аманат етілсе қиянат жасайды".-деп  сипаттама жасап, үмметі болған мұсылмандарға ескерту беріп кеткен еді. Мынау өмірге өз еркімізбен келмегеніміздей, өз еркімізбен қалмайтынымыз анық болғаны сияқты, өз еркімізбен емес бізге ұсынылған әмір және тиымдарды орындау үшін бармыз. Қадірімізді кетірмей, жер бетінде бұзғындық жасамай қайту басты мақсатымыз да! 

 

 

 

Аманкелді ҚУАНЫШҰЛЫАманкелді ҚУАНЫШҰЛЫ
9 жыл бұрын 5973
2 пікір
  • Осы мәселені бала-бақшадан бастап оқытса, өскелең ұрпақ мұндай қателесуге бармас еді.
    Сонымен қатар осы тұрғыда телеарналарадың басты міндеті болса деймін.
    Сана өзгермей салиқалы орта қалыптасуы ауыр жол.
    ЭКРАНды түзеу керек!
    9 жыл бұрын
  • Иа, кішкентай кезден бастап кім екенімізді, не үшін жаратылғанымызды үйрету өте қажет. Жас санаға құйылмаса, кейін қиын болады. Бала тәрбиесі бесіктен басталады дейді ғой. Ал біз ше? Бізге де тәрбиеленетін уақыт өтіп кетті деместен, үйренуге, білуге, түзелуге тырысу керек!
    9 жыл бұрын
Блог туралы