Біз бе, МҰСЫЛМАНБЫЗ !
Біз бе, МҰСЫЛМАНБЫЗ !

Иә, нығметтердің ең құндысы "МҰСЫЛМАНМЫН" деп айта білу, оны іштей сезіну. 
Біз бақытты жандармыз. Себебі ақырет пен дүниесін қатар тізгіндеп, өмір мен өлімге қатар дайындықпен, әрекеттермен жүрген жандармыз :). Солай екені рас десек сәл бәсеңдеп, нәпсіге қолқа салып, көңілді тінту керек.

Біз "ЛӘ ИЛӘҺӘ ИЛЛАЛЛАҺ, МҰХАММӘДҮН РАСУЛУЛЛАҺ" деп ерініміз жыбырлаған болса, мұны көп мәселемен ұштастыру керек. Алдымен бұл "қасиетті кәләм" арқылы пенде біздер: "Алладан басқа құлдық жасалатын Құдай жоқ. Мұхаммәдте (с.ғ.с) Алланың Елшісі" деген ұлы аманат сөздің астына қол таңбамызды қалдырдық. Бұл қол таңбамыз арқылы мұсылмандықтың негізі саналатын "бұлжымас шарттарына бой ұсынамыз" - дегенді әр біреуіміз тіл мен айтып жүрекпен бекіткен сәттерімізде естен шығармауымыз керек тағы бір ұлы іс "Хақ Тағаланы, Періштелерді" - куә еткеніміз болады.

Демек, біз Аллаға "СЕН Жаратушымызсың, Құлдық жасауға тек СЕН лайықтысың"- дедік. Сонымен бірге ОНЫ көрмей тұрып көріп тұрғандай сезімде міндетімізді атқара білу үшін, Өзінің әмір және тиымдарын үйретуге дәнекер ретінде Пайғамбарлар тізбегінің ең соңғысы Хазрет Мұхаммәдті (с.ғ.с) сүйіншілі, ескертпелі хабарлармен бізге арнайы елші етіп жіберді. Бұл ұлы затт 1430 қанша жыл бұрын өмірге келді, кетті деп ғана қоймай тағыда көрмей тұрып иман келтіргенбіз. ОНЫ (с.ғ.с) Алланың Елшісі деу арқылы (с.ғ.с) біздердің әр біреуіміз Құран кітапты  аманат деп жүктедік, жауапты боламыз. Өйткені қол таңбамызды қалтырғанбыз. Уәдеде тұруымыз керек. Ең абзалы Алла қаламаған құлына бұл сөзді айтқызбайды даІ Дүние егістік алаңы, ақыретіміз уәдеге есеп орны. Алла уәдесінде өзгермейді еш қашан, ал БІЗШЕ ?!

моңғолия қазақтары
Аманкелді ҚУАНЫШҰЛЫАманкелді ҚУАНЫШҰЛЫ
8 жыл бұрын 6166
6 пікір
  • Біз де уәдемізде тұрып, өмірімізді құлшылықпен өткізуді Аллаһу Та’ала баршамызға нәсіп етсін. Әмин
    8 жыл бұрын
  • "Иман қайда орналасқан?" деген сұраққа ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у): "жүректе" - деген екен. Мен кейде ойлаймын: осы біз жүрекпен әлі де иман ете қоймадық-ау шамасы. Иманымыз жүрегімізде емес, көбіне "санамызда" қалып қалған ба деп қорқамын. Санамыздағы иман - иман болмаса керек...
    8 жыл бұрын
  • "Асылында нағыз мүминдер Аллаһтың аты еске алынғанда жүректері толқиды, аяттары оқылғанда имандары артады әрі олар Раббысына барынша тәуекел етеді" (Әнфәл сүресі, 2 аят)
    8 жыл бұрын
  • Иә, мұсылман екендігімізді мақтанышпен айта аламыз, шүкірлік етеміз. Соған лайық болсақ болғаны
    8 жыл бұрын
Блог туралы