Бүгін тағы жұма, кеше ғана жұма қылған сияқты едік ;) уақыт жылдам тігісіне түсіп кеткен бе, таң атса кеш батады.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір xадисінде: "Адамдардың көбі қадірін біле бермейтін екі нәрсе бар. Ол бос уақыт пен денсаулық" бұйырғанында осы аталған ниғметтерден пайдалану мүмкіндігінен айырылып қалмау керек екенін ескерткендей.
Уақыт бізді тоссын ба қылыш іспеттес қиып түсер айбынымен өткінші жаңбырдай ғана із қалтырып кете береді. Ал біз болсақ уақыт кестесіндегі өмір бедерімізді немен өрнектеп жүр екенбіз?!
Қазекең бірдеңке қылып кету керек деп жүріп-ақ көп олжадан қалыс қалып қоймасақ болғаны, бірдеңе қылмасам да, бірдеңе бүлдірмесем екен, уақытпен бірге мен де қимылдайын, жұмаңыз қабыл болсын, мұқият болыңыз бүгін ішіне жасырынған дұға тілек кері қайтарылмайтын сағат бар, өтіп кетпеді ме екен, әй уақыт сол...