Қарындас АҒАЛАСА береміз де, сенеміз!...
Қарындас АҒАЛАСА береміз де, сенеміз!...

Телефонның шырылдаған дауысында не қылса да бір хабар бар. Оған жауап беруге ыңғайланып экранына үңілесің. Тізімде жоқ бөтен номер болса "кім екен" - деген оймен жауабын табуға асыға "иә" дейсің, сол-ақ екен ары жағынан :

- Пәленшесіз бе? 

- Иә, сол кісімін.

Арықарай бейне мені танып тұрғандай амандық саулық сұрасқан, сөздері өте кішпейілдікті ғана елестеткен әйел адам.Сөздеріндегі амандық-саулық сұрасқандағы халі мені жаңылдырып тастады. Жаудырған қалың сөздеріне "Аллаға шүкірді" айтып жатып, кезек берілмеген соң ішімнен "Әл-хамд лиллаһ"-деп қайталап тұрып қалған едім едім; 

- Аға, сізде бір бұйымтайым бар еді демесі бар ма?

- Иә, айта ғой, қандай бұйымтай еді, дедім.

Ол, бұйымтайын айтардан бұрын, сонысына қысқаша танытым жасап үлгерді. Сөзіне қарасам, қайырлы істердің жаршысы екен. Мұң-мұқтажы барлардың қасынан табылуға өте құмар көрінеді. Іштей Алла қабыл көрсін деп, ұзақ ойланып, таразыланып нәпсімді жазғыруға осыдағы жетеді,- деп тұрған кәйпімді оның бұйымтайы бұзып жіберді.

- Аға деп саңқ ете қалды да, бізде электр өшіп, банк жұмыс істей алмай тұрғаны, менен көмек күтіп тұрған адам бар, соларға пәленше ақшаны сіз беріп тұрсаңыз, менде қате қылмай сізге банк арқылы жөнелтемін, сәупты істе сіздіңде пайыңыз болады, Аллаға сенген жандармыз,-деді.

- Жауап беруге ойланған мен жоқ, "құп болады" - дедім. 

- Аға, мен сізге оның банкадағы номерлерін теріп, сәлден кейін теліңізге номерін жіберемін.

- Мен болсам, "жарайды", кешікпеді,  ол номер келді, аты жөнін жазбапты ғой, аты кім?- дедім

- Аға, аты пәленше.

- Аты бөгдеше екен.

- Аға, бұл оның емес көршісінікі екен.Олар бірге АТМ-нің қасында тұр, уақыттары өте аз, мұқтаждықтары басым, жеделдетіңіз.

Иманды адам біреу үшін шырылдаған, машалла дедімде, Әлденеден кешігіп қалмасын деген уайыммен номерлерді теріп, айтқан ақшасында жібердім.

- Қарындас, енді ала берулеріне болады,-дедім.

- Аға, сізге Алла разы болсын. Сәл күтіңіз ең ұзаса ертең сіздің атыңызға қарыз алған ақшаны жіберіп, хабарын берем.

- Оқасы жоқ, солай болсын,-деп телімді үздім. Үнсіздік. Алланың құлдары нендей іс үшін құлшыныс жасап, қалай қимылдап жүр, сенің жүрісің мынау, не елге, не өзіңе пайдаң жоқ.... өзіме өзім ызаланып, бейнебір қайырлы істердің бәрінен құралақан жанның күйін кешпесім бар ма?! 

Ал, әлгі "АҒАЛАҒАН" қарындастан сыбыс жоқ. Бір күн өтті, банк жұмысы қалыпты емес шығар. Екі күн өтті, ауырып қалған шығар. Үш күн өтті, мүмкіндігі болмай жатқан шығар. Төрт, бес, алты, жеті...... 

Тоқта, нөмерін теріп, хат жолдайын деген оймен, хат жаздым. Тағы жауапсыз, бір күн, екі күн... 
Теліне жалғап хабарласайын, жабық жатыр. Тағыда бір күн, екі күн. 

Енді жоғарыдағы бейтаныс тақуа иесі үшін, КҮМӘНДІ сағаттар басталып, сіздермен бөлісіп отырмын. Біздер надан дәуірде "СЕНІМДІ МҰХАММӘД" лақабымен аталған Ұлы Пайғамбардың үмметіміз. Сенімді болайық ! 

Аманкелді ҚУАНЫШҰЛЫАманкелді ҚУАНЫШҰЛЫ
10 лет назад 5692
0 комментариев
О блоге