"АЗАН" дауысы да өз үлесін қосқандай...
"АЗАН" дауысы да өз үлесін қосқандай...

Түн мен күн жарысып біздер уақыттың ағысында, тағдырдың илеуінде өрнектелген өмірдің бедерінен бейхабар жүріп жатырмыз-ау шіркін. Иә, күндіз тірлік үшін тыным таппай жұлқынамыз, кеш болса нелерден кешіктік деп ұрлана қараймыз, ертең озармын оныда деп...

Үш айлар, табалдырығында аттағалы, бір сәт болсын иман байлығыма ізгі амалымды жетелетіп, рухани әлемнің кеңістігінде шарықтаған, тақуалық көріністің тамаша кәйфіне малынар ма еді, шіркін. Әй нәпсім, сендағы көлденең атты сияқты көлбеңдеп,  мен мұндалап тұрасың, шақырасың, пысқырып қарамай қоюға дәрмен жоқ, бұрылып қарасам бұрмалап алып кетіп әрменқарай  үлпілдеген желге ұшқан қаңбақтай етіп шәйтанға басындырып қоймақсың ба?! 

Мешітте бірнеше адамның басын қосып Алла деген мәжіліске куә сәттер. Ақшамды оқып келесі намазды күткен абзал жандар. Сол әңгіменің төркініде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) Алланың аманатын адамдарға жеткізудегі басынан өткізген үлгі-өнегеге толы өмірінен үзінділер. Мынау жақсы адам екен, нақышына келтіріп айтып жатыр. Жалғыз-ақ, мына бір құлдың адамзатты қараңғылықтан нұрға шақыру үшін арнайы келген Пайғамбармен (с.ғ.с) Пайғамбар тоқталғанын, сол себепті ислам үмметіне түскен ауыр міндетке тоқталып дауысы бәсеңдеді. Көңіліндегі үміт пен қорқыныштан ыршыған көз жанарындағы жаста Алла және Оның Елшісіне (с.ғ.с) деген махаббатын паш етіп тұрғандай.

Айналамда, бастарын салбыратып, мұң мен ұятқа қоршалғандар. Неткен имандылық, неткен бақытты жандар. Аллаһым, СЕН неткен құдірет ИЕСІСІҢ ! Мынау адамдар сенің ризалығың үшін бір бірін жақсы көріп, сенің ризалығың үшін береке бірлік деп, сенің ризалығың үшін харамдардан бойын алып қашып жәнеде сенің ризалығыңа бөленетін жандардың қатарын арттыруға  әуестенгендер. 

Бұл ойымды жәшиқтың азаны бөліп жіберді. Жұлып алғандай, көзімді ашып "әлгілер қайда кеткен дегендей жайсыздығым байқалды. Олар кетпепті бәрі бар екен. Бірақ анау жақсы адамның айтқандарына ерекше әсерленгендеріне олжалы АЗАН дауысы да өз үлесін қосқандай...

Аманкелді ҚУАНЫШҰЛЫАманкелді ҚУАНЫШҰЛЫ
9 лет назад 3793
1 комментарий
  • Өте сүйкімді жеткізіпсіз! Кейде Мешіттердегі осындай кереметтей көрініске қарап ойланып кететініміз рас, Аллама шексіз шүкіршілік айтамыз сіздерге қаламмен жеткізуге нәсіп еткен!
    9 лет назад
О блоге