Мұсылманбыз дейтұра будизмнен, христианнан, исламнан құралған сенімдері бар
Мұсылманбыз дейтұра будизмнен, христианнан, исламнан құралған сенімдері бар

Бүгінде Хотон бауырлардың жиылыстарында болдым. Сонан сіздермен бөлісіп отырмын. Бұл басқосуларыда өз араларында мезгілімен қайталанып тұратын отырыстарының бірі екен.

Олар, Моңғолия елінің  Увс аймағының Тариалан, Улаангом, Наран булаг өңірінде сондай-ақ Архангайдың Хотонт сұмын өлкелерінде, Сэлэнгэ  аймағы, Эрдэнэт қаласында және Ұланбатыр қалаларында  20 мыңдай  хотон сүйекті азаматтаар тіршілік етеді.

Бұлар Мұсылманбыз дейді. Мұсылманмын дегенге, «жоқ емессің»-дейтін хақымыз жоқ. Олар, мұсылман, әл-хамдү лилләһ. Моңғыл тілінде сөйлейді. Бұрынғы аталарының Ислам дінін кейінгілеріне өсиет еткені, мұсылман болып өмір кешкендерін ғибратты оқиғалардан кездестіреміз.  

Жалғыз-ақ, өткен тариқтан бұлардың еншісінде қалған дін ақиқатынан бұл күндері көп ештеңе қалмаған. Хотон бауырларымыз, үлкен ауылдың  салт-дәстүрі мен тіліне бірыңғай көшкендігінен, өздерін қоршаған ортаның басымдылығынан жәнеде тарихта әр түрлі теріс пиғылды мақсаттарға құрбан болғандығынан мұсылмандық сенімінен, сипатынан ажырап қалған.

Мұсылманбыз дейтұра будизмнен, христианнан, исламнан құралған сенімдері бар.

Жастары, елімізде, араб елдерінен, Түркиядан діни ілім алып жүргеніде жақсы хабарлардан саналады. Жалғыз-ақ, уақыт керек, Исламға бет бұрулары үшін күресу қажет. Келесі буындармен нағыз ислам ұшырасады дегенге сенемін.

Бұрынғы Хотондар моңғол тілінде сөйлегенімен Ислам дінін қабылдаған, Мұсылмандар.  Олар, салт дәстүріндегі моңғол тектес тайпаларға тән емес көптеген өзгешеліктермен ерекшеленеді. Атап айтсақ бала сүндеттеуі, қайтыс болған адамын жерлеу рәсімі, жетілік, қырқылық науқанын белгілеуі, Үй жиһаздары дөрветтермен бірдей, бір өзгешелігі төрде діни кітаптар сөресі орналасқан. Неке салтында ат байлау, отау көтеру, неке қию, орамал тастау, от тұтату, шымылдық шайы, ана сүтінің өтемі, т.б. ғұрыптары кездеседі.

Міне, осының  бәрі  хотондардың  монғолданған   мұсылмандар  екенінен  хабар  береді.  Сәл  шегініс  жасап   хотон  сүйектілердің  арғы тарихына  үңіліп  көрер  болсақ  оларды ұйғыр деп атайды мыс. Алла Тағала аталмыш ағайындарымызға һидаят, тәуфиқ нәсіп етсін, Әмин .

Аманкелді ҚУАНЫШҰЛЫАманкелді ҚУАНЫШҰЛЫ
9 лет назад 3615
1 комментарий
  • блогымыздың географиясын бір кеңейтіп тастадыңыз, алла разы болсын сізге
    9 лет назад
О блоге