"Әмәнәррасулү"-нің артықшылығы
"Әмәнәррасулү"-нің артықшылығы

«Әмәнәррасулү» Бақара сүресінің 285-аяты. Онда сенуіміз қажетті болған негіздер баян етілген. Ал 286-аят болса бірнеше дұғадан құралады. Бұл аятта Алла Тағаланың құлдарына бағыштаған жеңілдіктері , Оның құлдарыныңда Кәрим /жомарт/, Рахим /мейрімді/ сипаттарының иесі болған Аллаға қалай дұға жасаудың жолдарын үйретуде.

Білесіз бе, аталмыш осы екі аят Жәбрайл (ғ.с) періште арқылы түспеген. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бұл аяттарды Миғраж түнінде естіген. Хадис шәріпте былай бұйырылады ; «(миғраж түнінде) Алланың елшісіне үш нәрсе берілді, олар ; Бес уақтылы намаз, Бақара сүресінің соңғы екі аяты, Үмметінен Аллаға еш нәрсені серік қоспағандардың үлкен күнәларының кешірілетіні.»

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бұйырады : «Алла Тағала бақара сүресін екі аятпен (әмәнәррасулү) тамадады. Бұл екі аятты маған ғарыштың астындағы қазынадан берді. Оны үйреніңдер, әйелдеріңе, балаларыңа үйретіңдер. Себебі бұлар өте үлкен рахмет сонымен қатар Құран жәнеде дұға.»

«Кімде кім басына бір жамандық келген сәтте Аятал-курси мен бақара сүресінің соңғы екі аятын оқыса Алла Тағала оған жәрдем ететін болады.»

«Бақара сүресінің соңғы екі аяты қайбір үйде үш түн оқылмаса ол үйге шәйтан жақындай бастайды»

Ғалиден  (р.ғ)  артына қалтырған ғибраттары арасында мына бір маңызы зор сөз бар : «Әмәнәррасулү-ні оқымастан ұйықтайтын, ақыл-есі орнында мұсылман барын білмейді екем. Шынтуайтында ол екі аят ғарыштың астындағы қазынадантын.»

Жәбрайл (ғ.с) Алланың Елшісіне (с.ғ.с) Бақара сүресінің соңында ӘМИН деп айтуды ұсынған екен. 

Аманкелді ҚУАНЫШҰЛЫАманкелді ҚУАНЫШҰЛЫ
9 лет назад 7611
2 комментария
О блоге
Прямой эфир