Адамның үш жолдасы, қайсысы сенімді ?!
Адамның үш жолдасы, қайсысы сенімді ?!

Иә, бізде үш жолдас бар. Оның бірі «ӨЗІМДІКІ» деп масайрап жүрген мал-мүлкіміз. Онан соң «ҚИМАСТАРЫМЫЗ» саналатын әке-шеше, семья, жанашыр туған туыс, дос-жарандарымыз. Соңғысыда «ҮКІЛІ ҮМІТІМІЗ» мәртебесіндегі адал, ізгі амалдарымыз !

Сызығымыз таусылып, жан тапсырған  сәтімізде  «ӨЗІМДІКІ» деген мал-мүлкіміз бізді шығарып салуға дәрменсіз болады. Ол сол сәттен бастап-ақ басқалардың билігіне өтеді.

«ҚИМАСТАРЫМЫЗ» қабір басына дейін келгенінде бейне  былай үн қатып тұрады : «Саған жолдастығымыз, сені қабірге тапсырып, бетіңді топырақпен жасырғанша ғана. Ал қиямет қайымда есеп беру майданындағы жүздесуіміз оның жөні басқа...»

Жалғыз адал досымыз бар. Ол «ҮКІЛІ ҮМІТІМІЗ» саналған игі істеріміз. Себебі ол бізбен бірге қабірге кіреді. Сондықтан үмітімізді шындыққа жетелейтін амалдарымыз көп болсын.

Аманкелді ҚУАНЫШҰЛЫАманкелді ҚУАНЫШҰЛЫ
9 лет назад 7406
6 комментариев
О блоге