إِنَّ الَّذِينَ يَسْتَكْبِرُونَ عَنْ عِبَادَتِي سَيَدْخُلُونَ جَهَنَّمَ دَاخِرِينَ
إِنَّ الَّذِينَ يَسْتَكْبِرُونَ عَنْ عِبَادَتِي سَيَدْخُلُونَ جَهَنَّمَ دَاخِرِينَ

Әттең шіркін тәкаппарлықтың кесірінен кімдердің көңілінен шаттық қашып, кімдер басын салбыратып, кімдер өр көкіректікке мас болмады! Даңдайсыған Ібілістен қалған із, неге демеңіз Хақ Тағаланың әміріне қарсы келген Ібіліс қой. Ол дағы тәкаппарлыққа берілмеді ме? Адамзат тариқының қатерлі дертіне айналған бұл кеселдің дауасы Ислам діні, Пайғамбары (с.ғ.с.) тәрбиесі. 

Иә, бір уайым бар, олдағы істеген жақсылықты жоқ қылатын, жамандыққа жол ашып, пенденіде тозаққа жетелейтін қорқыныштан қанатты үміттерге қол созу арманы. Олдағы қалай жүзеге асар екен!

Осы тәкаппарлық, адамдарды хақ жолға шақырып, аманат арқалаған ардақты Пайғамбарларғада қарсы шығып адамдардың дүние және ақыреттік зиянға ұшырауларына "КУӘ" болды. Тіпті Алла Тағала олар турасында өзінің қасиетті Құранында баян қылып, біздерге ескерту жасады.

وَقَالَ رَبُّكُمُ ادْعُونِي أَسْتَجِبْ لَكُمْ إِنَّ الَّذِينَ يَسْتَكْبِرُونَ عَنْ عِبَادَتِي سَيَدْخُلُونَ جَهَنَّمَ دَاخِرِينَ

«Раббыларың: “Маған жалбарыныңдар! Тілектеріңді қабылдаймын. Расында Маған құлшылық қылудан паңсыңғандар, олар қор болып, тозаққа кіреді» дейді («Ғафир» сүресі, 60-аят). 

Ал, Пайғамбарымыз ﴾с.ғ.с.﴿ біздерді  тозақ пәлекетінен құтқару үшін тәкаппарлықты қорқынышты сипаттарымен ашық жеткізіп, сүйіншілі хабарында ұсынады! 

وعَنْ ثَوْبَانَ - رضي الله عنه - قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ - صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ -: مَنْ مَاتَ وَهُوَ بَرِيءٌ مِنْ ثَلَاثٍ: الْكِبْرِ، وَالْغُلُولِ، وَالدَّيْنِ؛ دَخَلَ الْجَنَّةَ

«Кім де кім үш нәрседен таза болып дүниеден өтсе жәннәтқа кіреді. Тәкәппарлық, харамнан жиналған мал, қарыз». 

Абдулла ибн Масғұд Пайғамбарымыздың ﴾с.а.у.﴿ былай дегенін жеткізеді:

لَا يَدْخُلُ الْجَنَّةَ مَنْ كَانَ فِي قَلْبِهِ مِثْقَالُ ذَرَّةٍ مِنْ كِبْرٍ  , قَالَ رَجُلٌ : إِنَّ الرَّجُلَ , يُحِبُّ أَنْ يَكُونَ ثَوْبُهُ حَسَنًا , وَنَعْلُهُ حَسَنَة , قَالَ : إِنَّ اللَّهَ جَمِيلٌ يُحِبُّ الْجَمَالَ , الْكِبْرُ بَطَرُ الْحَقِّ وَغَمْطُ النَّاسِ

Жүрегінде мысқалдай тәкаппарлығы бар адам Жәннатқа кірмейді» деді. Сонда бір адам: «Егер адам әдемі киінуді жақсы көретін болса ше?» - деп сұрақ қояды. Пайғамбарымыз ﴾с.ғ.с﴿: «Ақиқатында, Алла – әдемі. Әдемілікті жақсы көреді. Тәкаппарлық – ақиқатты қабылдамау және адамдарға менмендікпен қарау», - деп жауап қатты.

Аманкелді ҚУАНЫШҰЛЫАманкелді ҚУАНЫШҰЛЫ
9 лет назад 5886
3 комментария
О блоге