Кезек сіз бен бізде!....
Кезек сіз бен бізде!....

Шағбан айы келіп, уақыттың тоқтамайтын тігісінде өтіп жатыр. Біздағы, сол өткен уақыттың шеңберінде бедер салғалы, аталмыш айда ойып ортасына қарай беталды. Қасиетті айлардан саналатын бұл айдағы бекерге өтіп жатқан болып ұсынылған мүмкіндіктерге сығырайып шала шарпы сығалап, тиіп қашып жүрген болмайық !

Сүннеті, өміріміздің кепілі болған, үлгі өнегенің таптырмас мысалы Мұxаммәд (с.ғ.с) ең көп осы айда ораза ұстапты. Қадірін қасиетін ұғынған соң солай жасады ғой. Біз үмметін осы айдағы сәуаптан құрқалмас үшін, маңыздылығын xадистерінде жеткізді. Қанеки Пайғамбарымыз не депті?!

"Шағбан айының он бесі келгенде түнін ғибадатпен, күндізінде оразамен өткізіңдер." 

(Хадис шәріп, сүнән ибн мәжә)

"Шағбан айының он бесінші түні, таң намазының уақытына дейінгі аралықта Алла Тағала :"Менен кешірім сұраған жоқ па? Оған кешірім берейін. Менен рыздық тіленген жоқ па? Оған рыздық берейін. Пәле қалаға жолыққандарың жоқ па? Оған амандық саулық берейін. Тағы басқалары жоқ па?"-дейді."

(Хадис шәріп, сүнән ибн мәжә)

Кезек сіз бен бізде, Жаратушымыз уәдесінде тұрады, ал Сіз ше?! Өткен-кеткені кешіріліп-өшірілген Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бұл айды ерекшелеп өткізіпті, ал күнәға белшесінен батқан сіз бен біз ше?! Шынымен, Алланың рақымына, кешіріміне өте мұқтажбыз, сол мұқтаждықтың дауасы-Шағбан айы ! 

 

 

 

 

Аманкелді ҚУАНЫШҰЛЫАманкелді ҚУАНЫШҰЛЫ
9 лет назад 4636
0 комментариев
О блоге
Прямой эфир