Әнас (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай дейді: «Кімде-кімнің бойында төмендегі үш нәрсе болса, ол иманның тәттілігін сезінеді:
1. Алла мен оның елшісін барша нәрседен артық жақсы көру;
2. Жақсы көрген кісіні тек Алла үшін деп жақсы көру;
3. Күпірлікке қайтуды тура отқа түскендей жек көру».
(Бұхари және Мүсілім)