Өмір бар, тірлік деп тырманып өтіп жатырмыз. Бірақ, өлімде бар. Оған уақыты дәлмедәл белгіленбеген соң, өлмейтіндей күй кешіп жүрген болмайық. Шынымен өлім айтып келмейді, туылмақ сүннет, өлмек парыз дегендей, кімді қандай өлім күтіп тұр екен деңізші.
Міне хабар, саяхаттап тауға өрмелеп жүріп жер сілкінісінің салдарынан дүмпу алып құлаған көшкінге басылғандар, ойламаған жерден ажал құшып, артындағыларды қайғыға душар етіп, өмірден көшті. Соңғы реткі бейнелерінде қалтырып үлгерді. Ажал құшардан бейхабар күлімсіреген бейнесінде бейнебір биікке құштарлықтан алған кейпі ғана түсіріліпті.
Тағы хабар, жер сілкінісі апатынан ажал құшқандар саныда 2230 адам, сонымен қатар іздеу, құтқару жұмыстары толассыз жалғасуда. Ондағы басы айналған адамдар жермен жексен болған үйінділер астынан жан тәслімі болған апат құрбандарын тізімдеуде. Ары-бері жүгіріскендер, тек ресми мекеме ғана емес тіпті қарапайым белсенділер, қайрымдылық ұйымдары бәрі бәрі жабылып жұмыла кірісіп жатыр. Хабар таспасындағы өң-сыйықтарына анықтап қарағанда олардың бет әлпеттеріндегі қорқыныш ізі әрі сейіле қоймағанын аңғаруға болады. Себебі, табиғат апаты, адам өлімі, ұлардай шуылдаған, жылап еңіреген қалың адам, жан жақта құлаған, қираған ғимараттар, айтпай келген апатқа қарсы шарасыздық.
Өлімді еске салып, қайғыртып, қан жұтқызып тұрған сәттегі олардың көңіл күйіне түсіністікпен жанашырлықпен, адамгершілікпен қарап, сабыр тілеп, ұмытшақ нәпсіңе тағы бір өлім айтып келмейдіні ескертіп, дайындығыңды жасай жүр дегің келеді.
Иә, бір өлім бар, онан қашсаңда құтылмайсың. Бірақ өлімнің уақыты тағы белгілі емес. Қайда, қашан, қалай өлемін дегеннің белгісіздігі олдағы керек. Жаратушымыз өлімімізді өзімізге белгілі етіп білдіріп қойғанында өмірдің мәні, сәні жоқ, сынақ майданыда құнсызданар еді.Біздағы уайымнан басқа жоқ, уытылып, ұсатылып, еріп кетер ме едік !
Өлім ақиқат, жаналғын періште Ғазрайлге әмір берілді ме жас, кәрі, ауру, сау деп таңдау жоқ, құрығын салады да әкетеді. Өлім айтып келмейді, сіз қанша дайынсыз осы ?!