Мүмкіндіктер әлемі: Қасиетті үш айлар табалдырығын да аттаймыз-ау!
Мүмкіндіктер әлемі: Қасиетті үш айлар табалдырығын да аттаймыз-ау!

Жұмаларыңыз қабыл болсын! 

Жұмадан жұмаға, Рамазаннан рамазанға, уақыт шеңберінде өтіп жатқан өмір-ай десеңізші. Хақ Тағала осы бір уақыт тігісіндегі біз салған бедердің негізгі мақсатының тек адамдар үшін емес, жындар әлемі үшін де ЖАРАТУШЫСЫНА құлшылық жасау екенін ескертеді, емес пе! Мұсылман адам үшін де аталған уақыт уысындағы өмірімізді қоршаған сан алуан мүмкіндіктерден өз нәсібін алуы керек. Уақыт, жылдарымен, айымен, аптасымен, күнімен, сағатымен тіпті секундтарымен ИЕСІНІКІ. Ал бізге тек ғана өз мүддеміздің кәдесіне жарата білу ықтияры берілген. 

Алла бізге Пайғамбары арқылы "ИСЛАМЫН" үйретті. Ислам үмметі де "Иә, РАСУЛАЛЛА сен бізге аманатты жеткіздің" куәлігін де жасады. Жаратушы мен құл арасындағы байланыстардың ең абзалы да ОНЫҢ әмір, парыздарын орындау, солай ғой. Күнделікті бес уақыт намазыңыз бар, тамаша Алла жалғасты болдырсын. Ал, енді жылына бір рет бір аймен жалғасатын парыз оразамыз бар. Осы парыз оразаға Ражаб, Шағбан атындағы екі айдың сүзбесі арқылы РАМАЗАН айының табалдырығын аттауымыз керек. Сүннет солай, ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бізге аталмыш екі айда жасалатын сүннет амалдар қалдырды. 

Біраз ойланып көрсек сол амалдар Рамазанға белгілі бір дәрежелі дайындық тәріздес. Неге олай, себебі ПАРЫЗ оразаға өтеміз. Жай емес Алланың әмірін орындаймыз. Белгілі күндер сауабы зор болумен бірге қадірін білетін нәпіс күтіп тұр. Ол нәпісте ражаб, шағбан айларында ерекше дайындықтардан, сүзбеден өтуі керек. Рамазан қасиетті ай, қадірі өте жоғары болғаны соншалықты, осы айда Құран түсті, бұл айдың басы рақым, ортасы кешірім, соңы тозақтан азат болу, тағы осы айдың ішінде мың айдан қайырлы қадір кеші бар, т.б. 

Бұл айды қарсы алуда кемшілік қылмауымыз бізге міндет. Қалай ғана текке берілетін мүмкіндіктерден айрылып жатырмыз десеңізші, шіркін. Сексен жылдық сауапты істің бодауына тең сыйды жалғыз кеште беремін деген уәде, анау-мынаудың емес уәдесіне берік АЛЛАДАН. Бұл уәде қатардан екінің біріне "сен ала ғой"-деген арзан бағаға болмаса керек. Қараңызшы, дүниелік мақсатқа жету үшін өміріміздің жылдары кетеді. Жаратқанның уәделі сыйы үшінде рамазан айына қарсы үміт арқалаған алғашқы дайындықтармен бару керек. Себебі, біз сұраншақпыз, сұранарда да себептер көрсетеміз. Алладан сұрарыңыз бар ма, онда рамазан алдындағы екі ай уақытты жоспармен өткізіңіз. Қандай жоспар, нәпіспен шайқасу, оны рухани тәрбиеде  белгілі осал тұстарынан тізгінге алып, көндіру. Нәпіл намаз, ораза, қайыр садақа басқа да ізгі амалдармен дағдыланып, әдеттену. 

Сонымен қатар, мұны да естен шығармау керек. Біз АЛЛАҒА құлмыз. Аллада барлық күндердің, айлардың, жылдардың, біздің барлық өміріміздің ИЕСІ. Бізге рақымдылығымен жұманы, рамазанды, қасиетті түндерді, күндерді  нәсіп етті. Бірақ бізге жұманы қыл, рамазанды бір сылтаулармен оразасыз өткізіп жібер, ара тұра жаман түс көрсең садақа қыл, қасиетті кеш пен түндерді жіберме, ал қалған ай, күндерде қалауың болсын, демеді.  Ешкімге пайда бермейтін үміттермен дос болыңдар да демеді. 

Сенімімізге сызат түсірмей, Алланың әмір және тиымдарын орындарда Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) үлгілі өмірі мен сүннет аманаттарын иелікте табанды болайық. 

Аманкелді Қуанышұлы
Аманкелді ҚУАНЫШҰЛЫАманкелді ҚУАНЫШҰЛЫ
10 жыл бұрын 3717
2 пікір
  • Дұрыс айтасыз. Бұрынғы Пайғамбарлар ұзақ жасаған. Мәселен, Нұһ (а.с.) 10 ғасырға жуық жасаған. Адам неғұрлым көп жасаса құлшылық сауабы да көп болады. Сонда, кейінгі орта жасы 60 әрең жететін қауым қайтпек? Міне, өзіңіз айтқан қасиетті түндер, күндерде қамданған адамға еселеп сауап беріледі. Сол арқылы ол аз ғұмырында көп сауап жинайды. Жалпы ойыңыз, жазбаңыз тамаша. Мен уағыз ретінде қабылдадым.
    10 жыл бұрын
Блог туралы