Уақыт өтіп жатыр бірақ адамда қарап тұрсын ба, сонымен бірге үлгергенінен озып, жетпегенінеде әттең шіркінайлап жүр. Сол өмірдің мәні мен маңызыда әр кімге әр түрлі бейнеде елестесе керек. Солайда шығар, тіпті оңайда шығар. Жоқ, оңашада отырып көптен қалыс қалып, қапыға қалсада, жанталастыққа ара беріп құлыптанып, ойланып көру керек екен.
Қоғамда бірыңғай сапырылысқан күн көріс. Харам мен халалды ажыратып жатқаны да аз. Адамның ішкі дүниесі, рухани әлемі оның сұраныстарына мойын бұрып тоқталып жатқан ДІН қайда? Дін дегеніміз Жаратушымыздан келген аманат болса, қиянатына жүрген жоқпыз...
Таяу жылдарда сұрапыл замананы бастан өткергендерден біздерге естелік әңгімелері қалды. Дін дұшпандарының уақыт еншісінде, қылышынан қан тамып тұрғанда :"қыршынынан қыйдым, күре тамырын үздім, орындалды арманым"- деген ұлы жеңістерінің орнында қайтадан көгерген үміт бүрін жарды. Бүрін жарды, арманда кеткен талай асыл ерлердің ернінде күбірлеген дұғалары. Ақиқат діні ХАҚ Иесінен біздердің пешенемізге осылай бұйырған шығар. Шүкір, сансыз шүкір !
Аллаға шүкір, бәрі оңалып жақсы болып келеді. Алданбайық, шынымен бе деп ойлануда дұрыс шығар. Дінім деп қызғыштап, ықласын ортаға қойып, жүргендер бар. Бірақ, дін әр кімнің жеке басымен санасады. Демек, құлақтарына жетседе, көкіректеріне құйып алуға зауқы жоқтар бар. Мммм, бүтінделіп, жер бетіне әділдік әкелуге қауқарымыз жоқ, бірақ дін ақиқатының бастауы мен арнасы ажырамас бүтін болса олдағы уақыты келгенде ит тұмсығы өтпейтін орман іспеттес, жамандыққа орын жоқ кезі келер, иншалла.
Алланың жаратқандары арасынан ең ұлығыда АДАМЗАТ. Бірақ адамзаттың көбі Пайғамбар әкелген аманатқа жауап беру, иелік етуден кешігіп, бас тартты. Сол себепті адасқандардан болды. Қараңыз малекеш малда олай адаспайды. Мал, ақылсыз болсадағы иесінің айқайымен жолына түседі ғой. ان هم الا كالأنعام بل هم أضل سبيلا
Өткен қауымдардан біздерге ғибратқа, үңіліп көріп өре түрегелуімізге ишарет етіп қиссалары қалды. Хақ жол, қадірін біліп, әміріне бойұсынуды міндет етініп, тымтырыс жабысу керек. Ал, бар деп қадіріне жетпеу, оның қолдан кетуіне басты себеп. Мен мұсылманмын, бірақ мұсылмандықты қуаттайтын куәгерлерім ретінде нем бар, жоқ әлде құрауызбен суылдап күн көріп жүрмін бе?! Көтер басты, түсірме еңсеңді Мұсылмансың. Ең ұлы ниғметте солай сезінуде жатыр. Пәни дүние өтер кетер, бірақ мұсылмандығыңда жалғасты қалуды басты мақсат ет, аялдама жабыс Алланың дініне, сал қамшыны нәпсіге, абайла уақыт тоқтап тұрмайды, таусыласың сендағы.