Бүгін маған бір адам келді....
Бүгін маған бір адам келді....

Алланың құлдары біздерге берген ниғметтерін санап бітіре алмаймыз. Сол ниғметтердің біреуіде есту қабілетіміз. Оның қадірін білмей жүргеніміз өкінішті! 

Бүгін маған бір адам келді, ол кісімен екеуара қағаз бетіне жазып сөйлестік. Себебі керең екен ! Көп нәрсе батып сұрамадым, ғаламторда жазысып, сөйлесіп жүрміз ғой. Бірақта қатар отырған екі адамның бір біріне қарап, жазып сөйлесуі ыңғайсыз екен. Сөзден сөз шығып, аға дедім, «қандай арманыңыз бар?!» , олдағы іле шала ; « тек ғана еститін болсамшы» -деп жазғанын көргенімде  кідіріп біраз төмен қарап тұрып қалдымда есту қабілетінің қаншалықты құнды екенін ойыма шегеледім.  Бұл ниғметтің  құндылығын сезіне білу үшін онан ажырап қалғандардың «ести алатын болсам басқа арманым жоқ» тілегіндегі жалынышты сезіне білу керек сияқты.

Хақ Тағала бұйырды ; «Алла  сендерді аналарыңның қарнынан еш нәрсе білмейтін түрде шығарды да сендерге есту, көру және ойлау қабілетін берді. Әрине шүкіршілік етерсіңдер.» (Нәхіл сүресі  78-аят)
Бұл аяттарға үңіліп астарында не жатыр демей-ақ мағынасына қарап, бір неше қайталап оқып, біраз тоқталатын болсақ дүние және ақырет азығымыз үшін берілген ниғметтерден есту қабілетімізді өз пайдамызға қолдана білу үшін ғайбат, өсек, жала т.б.с.сияқтылардан құлағымызды алып қашуымыз керек-ақ!

«Шынында иман келтіргендер құтылды. (1) Олар, сондай мүміндер, намаздарында іштей жалбарынады. (2) Олар, бос нәрселерден аулақ болады. (3)»  (Му’минун сүресі)
Бұл аятта Алла Тағала біздерге шынайы мүмин құлдарының сипатынан жеткізді. Олар, намаздарын тақуалықпен оқиды. Жәнеде пайдасыз, бос сөз тыңдамайды, тіпті ондай орындарға бармайдыда.

«Қашан олар бос сөз естісе, одан бет бұрып: “Біздің ісіміз өзімізге, сендердің істерің өздеріңе тән. Сендерге сәлем. (Қош енді.) Надандарды қаламаймыз” дейді.»  (Қасас сүресі 55-аят)  
Исламның бізге үйреткен тәрбиесі, мақсаты анық. Олдағы Жаратушымыздың ризалығына бөлену. Оған қол жеткізу үшін үстіміздегі сансыз ниғметтердің әр біреуін Оның жолында қолданумен бірге қасарысқан надандық жетегіндегі ысрапшылдардан бойды аулақ ұстау !

«Өзің білмеген бір нәрсенің соңына түспе. Расында, құлақ, көз және жүрек олардың барлығы одан сұралады.»  (Исра сүресі 36-аят)
Ағайын біліп, сезініп жүрейік! Есту қабілетімізге есеп береміз. Қиямет күні Алла құзырында естігендерімізден жауапты болмаймыз деп ойламайық.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) үлгілі өмірінде  Алланың ниғметтерінен болған есту қабілетін қалай пайдаланғанына назар аударайық. Ол (с.ғ.с) басқасының Құран оқығанын тыңдауды ұнататын. Шын мәнінде Құран оған (с.ғ.с) түскен еді. Ибн Мәсғуд (р.ғ) айтады, бір ретінде Алла Елшісі (с.ғ.с) маған ; «Құран оқы»-деді. Мен ; «Уа, Алланың Елшісі Құран сізге түскен ғой »-дедім. Алла Елшісі (с.ғ.с) ; «Әлбетте мен оны басқасынан естігенді ұнатамын»-деді. Сонан Ниса сүресін оқып, мына; «(Мұхаммед) әр үмметке бір айғақ келтіріп, сені де оларға куә етіп келтірсек қандай болар еді?» аятына жеткенімде,  Алланың сүйікті Елшісі (с.ғ.с) ; «әзірге жеткілікті»-бұйырды. Сонан Оған (с.ғ.с) бұрылып қарап едім, қос жанары жасқа толыпты.

Иә, есту қабілетімізді ұлы ниғмет біліп, оған ие болуға ат басын бұрайық. Аталмыш ниғметті жақсы сөз, ізгі амалдарда қолданайық. Құран тыңдайық. Пайғамбар (с.ғ.с) хадистерін тыңдайық. Пайдалы уағыз насихаттар тыңдайық. Ата-ананың ақылын алайық. От басы, бала шаға, дос жарандарды тыңдайық. Ізгі амалды адамдардың сұқбаттарында болайық. Кедей, мұқтаж мұсылмандардың мұң мұқтажын тыңдайық, артынан іле шала қайыр қылайық.

Дүние рақаты, көңіл рақатында, көңілде жаннатқа қол жеткізу арқылы рақатқа кенелгісі келеді. Жаратушымыз Алла не деді,  «Олар жаннатта бос не күнәлі сөз естімейді. Бірақ “Сәлем, сәлем” деген сөзді ғана естиді. (Уақиға сүресі 25-26-аят)

 

 

 

 

 

Аманкелді ҚУАНЫШҰЛЫАманкелді ҚУАНЫШҰЛЫ
9 жыл бұрын 6035
2 пікір
  • тақырыбыңыз ұнады, қадылбек бауырым
    9 жыл бұрын
  • Рас. Есту қабілетінің, бойымыздағы басқа да қабілеттердің қадірін біліп, шүкірін өтей алмай жүрміз. Бүгінде ifon 6 телефонына қол жеткізе алмағаны үшін өзін бақытсыз сезініп жүргендерге сабақ боларлық дүние екен.
    9 жыл бұрын
Блог туралы