Уақыт деген ниғметтің еншісіндегі қысқа ҒҰМЫР
Уақыт деген ниғметтің еншісіндегі қысқа ҒҰМЫР

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Заманға серт. (1)

Негізінен адам баласы зиянда. (2)

Бірақ сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендер, бір-біріне шындықты үгіттесіп, сабырды үгіттескендер; олар зиянға ұшырамайды. (3)

Мынау сүре Құран Кәрімдегі ең қысқасы болумен қатар қасиетті кітабымыздың мұғжиза екеніне қысқада, нұсқа қамтығандары арқылы жар салады.

Ант етумен басталған сүре,  заманмен, уақытпен бастады. Жаратушымыз бұл антымен белгіленген уақыт шеңберіндегі өміріміздің тағдырға тәуелді болып, мерзімі толғанша ықтиярымызбен мүмкіндіктерге толы екенін, оны жоғалтып алмауымыз керек екенін ескерткендей.

 Уақыт демекші зымырап өткен әрбір сәттерден маңыздылығы тұрғысынан ерекшеліктері ескерілмей қалып қойғаны қанша десеңізші. Әз Пайғамбар (с.ғ.с) : «Адамдардың көбі қадірін білe бермейтін екі нәрсе бар, оның бірі ден-саулық болса келесісі бос уақыт»- бұйырғанында уақытқа ұтылып жатқан шамдай еріген өмірімізде ниғмет аталған бос уақыттар махшарда бізге қарсы куәгер болып тұрмасын деп ескертті ме екен !

Жаратушымыз құлдары бізге рақымдылығы соншалықты, өз кәләмына назарымызды аудару үшін, мұқият зейін қойып тыңдауымыз үшін  біздердің өзара байланыстарымыздағы ант ету қолданыстарымызды да қолданды. Мақсат ХАҚҚА қарай қайтару !

Пәни жалғанда біреу антпен бастап ағынан ақтарылып тұрғанын байқасақ, айтқандарына бұрылып сенуге, реті келсе алуға немесе беруге асығыстық қылып тұрамыз. Қу дүние-ай, қутыңдаған пендешілік-ай, мойныңды бұр Хақ Тағала ант берді. Ол антқа қосарлап не бұйырды екен, назарыңды сал !

Ғасырлар бойы күннің атуы мен батуы аралығындағы жалғасқан өмірде қаншама адамдар зиянға ұшырады, ол қаншалықты, қандай зиян ба?  Ол, уақытқа ұтылған өмірден есеп беруде таразыға тартарың жоқ,  шарасыздық, пайдасыз өкініш билеген, ақырет ақиқатына,  шындыққа сенген күні аз уақытқа қонаққа келгендегі алып қайтқан  мәжбүр қоржының – ЗИЯН.

Бірақ бір жол бар, яғни үміт бар, уақыт бар. Олдағы мына бір шарттарды жүзеге асырумен мүмкін. Алдымен Иман келтіресің. Жалпылай иманды екеніңді құптайтын алғы шарттарына күмәнсіз сенесің, тілмен күбірлегеніңді жүрегіңе тұрақтандырасың. Ең маңыздысы Жаратушыңды, Оның Елшісін тыңдайсың, Уахи арқылы жеткен аманаттарға сенесің, өміріңді арнайсың.  Бұл сенің ИМАНЫҢ.

Иман тұрақтаған жүрек болса, ізгі амалдарға көшесің. Ізгі амалдар иманды жүрекпен, ықласпен орындалғанда мақсат біреу болады. Олдағы РАХМАННЫҢ ризалығына қауышу. Бұл жерде рия, көз бояушылық, мәнсап,  дүниеге деген махаббат т.б-лары мәңгілік мекенде  зиянға ұшырау қаупі дертінің басымдылығымен нәпіске тәрбие қамшысын аямай соғады. Бұл сенің иманың,  ізгі амалыңның қуанышты әсері.

Иман ақиқатына, ізгі амалдарға серттесіп, жалғасты қалу үшін шынтуайтында Алла құзырындағы хақ дін Ислам атты ұлы шындықты Оның құлдарына, адамзатқа үгіттеу, насихаттаумен қатар өзара беріктікке бекінгендер қатарынан шүбасыз орын алу үшінгі үмітке байланған ҮГІТТЕСУДІ аттап кету мүмкін емес. Себебі адамдардың дүние және ақыретін құтқару үшін құлшыныс, насихат керек.  Бұл сенің иманың, ізгі амалың, үгіт насихатыңның бүр жарғаны.

Иман ақиқаты, ізгі амалдар, өзара шындықты үгіттесуден кейін осы ақиқат жолындағы азғана уақытпен өлшенген өмірімізде САБЫР деген ұлы үгітті ниетімізге, ықласымызға шегелеуіміз керек. Өйткені біз дүниеде сынақ майданындамыз. Сабырымызды тасытатын талай сәттерге жолығамыз. Әсіресе діни борыштарымызды орындауда сабырға мән берумен бірге, нәпсінде асығыстық сипаты бар біздер өзара сабырлылықты үгіттесуден жалықпауымыз керек .

Зиянға ұшыраудан құтылу үшінгі себептер : иман ақиқаты, ізгі амалдар, өзара шындық пен сабырға үгіттесулер УАҚЫТ деген ниғметтің еншісінде екенін ұмытпай, ұтылмай, олжалы болуға тырысайық.

Құран аяттарына тоқталып оған анықтама, түсіндірме жасау, Хақтан хаққын біліп қорыққан ғалымдар, хикмет иелерінің еншісіндегі ауыр аманат ! Ең дұрысын Аллаһ біледі.

 

Аманкелді ҚУАНЫШҰЛЫАманкелді ҚУАНЫШҰЛЫ
10 лет назад 4169
1 комментарий
О блоге