Өткен өмірде өкпесі бар талайлар өтті, ал біз неге өкпеліміз?!
Өткен өмірде өкпесі бар талайлар өтті, ал біз неге өкпеліміз?!

Ұланбатырдағы орталық медреседе “дара тұлға” атты бағдарлама жүріліп тұрады. Бұл биылғы наурыз айынан бері бастау алып, жалғасын тауып келеді. Бұған бүгінге дейін ел ағалары болып, діни және қоғамдық басқа салаларда қызмет атқарып келе жатқан, көпшілік қауым арасындағы танымал үлкендермен жүздесумен сәтті келе жатқан, сәуапты істердің бірі. Мұндай жобалардан күтілген негізгі мақсат сол ағаларымыздың әңгімесіне құлақ түру арқылы, сан алуан бедері бар өмірден өрнектелген үлгілі тұстарына жетудегі сан қилы қиын-қыстаулардағы ерліктері, ғибрат толы ой-пікірлерінен бағыт-бағдар алу.

Бүгінгі кездесугеде кезекті “дара тзлға” ретінде ММҰО АӘ Батырбек қажы қатынасты.Медреседегі ұстаздар болып, онда тұратын жастар толқыны толықтай қатынасып, әсерлі де, тамаша бір сәтке куә болдық. Иә, бұл кездесу, басқасына ұқсастығы алшақтау. Себебі, діни мәселе төңірегінде тізбектелген тариқи оқиғаларға тоқталып, ерекшелеп кешегі мен бүгінгі арасындағы байланыстардың жіңішкеден қалай қалыңдауға қол жеткізуіне сатылы, түрлі түрлі әңгіменің туындауы куәлік етті.

Иә, сонау нәубат шәйіттері, олардың тұсындағы үкіметтің соқыр саясаты. Онан кейінгі коммунизмнің адамзатты діннен алшақ ұстаймын деген мақсаты және сол жолдағы сұрапыл 70 жылмен деп басталған сұқбат өз жалғасында, ел тариқындағы демократия немесе жариялылық кезеңінің басталуы сонымен бірге сенім бостандығына қол жеткізу, яғни өшкен дінімізге қайта қауышуға ат басын бұрды-ау.

Иә, дініміз, салтымыз, тіліміз бізге қалған асыл мұра. Қан тамырымызда жүгірген асыл арман, шың құзға ұқсас үміттер біздерді бір сүріндірседе қайта тұрып ұмтылуға итермелеген 1990-жылдар жаңалықтарға, тарихи оқиғаларға толы еді. Ел болып, мұсылмандар мен будистлер өз өз сеніміне нанымына, рухани сұраныстарына еркіндік, тыныс алған кез. Мешіт-медресе қиратылған деген ақсақалдар аузынан естіледі. Имам, молдаларды былай қой соларға жақын не ұқсастығы бар, немесе бір түкке тұрмайтын, шариғаттық үкімі жоқ қимыл іс әрекетінен болып өмірмен қош айтысқан, құрбандар. Шынымен сол тұста діни сауаты бар адам қолмен нұсқап көрсетердей санаулы. Діни кітаптар әр түрлі әрекеттермен көзден таса болған, жоқтың қасы.

Иә, осындай бір мезгілде ел мұсылмандары үшін игі істерге мұрындық болған қадірлі азаматтар болды. Олардың талпынысы , сұраныстары Түркия сияқты ел азаматтары тарапынан бос қайтарылмады. Сонымен, алғашқы қарлығаштар діни сауаттарын ашу үшін, ислам мемлекетеріндегі медресе баспалдақтарын аттады, соған қоса елімізде де мүмкіндіктер аясында алғашқы мешіт табандары тартыла бастады. Араға жылдар салып...

Иә, айтқанға оңай дегендей тізбектеп жазу оңай болған сол тариқи оқиғалар басталып, өз кезегінде міне артына 25 жыл тастап, ел көлемінде мұсылмандар шоғырланған жерлер мешіт, медреселі болып, жастарымыз қатары білімді, салиқалы азаматтармен толығып осы күнімізгеде тәуба дейтіндей қалге жеттік. Бүгінгі табыстар, жетістіктер өзіндігінен болған жоқ деп сөзін , ойын түйген Батырбек қажы жастарға бұрынғыларға бұйырмаған алтын мүмкіндіктерді дұрыс пайдалану керек екенін ерекшелеп айтты.

Сұқбат соңында жастар арасынан қызықты сұрақтар сұралып, жауабы айтылып, артынан ақшам намазы уақыты кіріп фарызға тұрдық, онан кейінде кешкі астан дәм татып, чайланып еркін әңгімемен мәре сәре болып тағы бір күнмен қошайтыстық.

Қайырлы істер жалғасын таба берсін деген ізгі ниетпен,

Аманкелді ҚУАНЫШҰЛЫАманкелді ҚУАНЫШҰЛЫ
9 лет назад 3166
0 комментариев
О блоге