Осы кім разы болсын деп күрсінесің ?!
Осы кім разы болсын деп күрсінесің ?!

Әубаста Бисмилла деп , Жаратқанға мақтау, Сүйікті құлы, ақырет майданы шапағат иесіне сәлем, салауат айтып, Пайғамбардың (с.ғ.с) із басарлары сақабаларға және ислам діні қызметінде ұпайы болған  ұлыларғада Алладан мейрім, кешірім сұрайық.

Бүгінде күн суықтау болды. Суық демекші әз-Наурыз келді, көктемде қылтиып өз өңін, өз көркін көрсетер кез келді деп бір сілкініп тойлапта тастағанымызда кеше еді ғой. Бірақ, табиғат құбылысыда біздің емес Иесінің әмірінде ғой. Қар жауып, сүркейлеп, суық түсіп алғалыда бір неше күн болды. Сырына қанық бола бермеген табиғат құпиясыда  "бол" әмірін күтіп тұрғанда шығар. Әлі-ақ жер жібіп, жан-жануарлардың бары осында, жоғыда қайта оралып бой көрсетіп, тау-таста мың құбылып, жердағы түрлі түсті бояуына бөленіп, малдың қабағына қараған малшыда, төрт бұрыш сасық тамнан жалығып ауылдың таза ауасын сағынған адамдарда бәрі бәрі жәзира кең жайлауда бір серпіліп қалар. Қойшы, бұл күндер келер, уақыт тоқтап тұрар дейсің бе, онанда осы күнделікті тұрмыс күйбеңі кімді қалай тізгіндемей жүр дейсің, осы сұраққа тіреліп, сыбанып сыр беруге жұмылайық. Иә, ойланып көрсең аманат аз ғана өмірде кімнің ризалығы үшін түгеп, еріген шамдай таусылып жүрміз.  

Аманкелді ҚУАНЫШҰЛЫАманкелді ҚУАНЫШҰЛЫ
10 лет назад 3149
0 комментариев
О блоге