Өлім қаупінен қорқып, шошқа етін жеген мұсылманға күнә жоқ, салмақ тастаймын деп ораза тұтқанғада сәуап жоқ !
Өлім қаупінен қорқып, шошқа етін жеген мұсылманға күнә жоқ, салмақ тастаймын деп ораза тұтқанғада сәуап жоқ !

... Семіріп барам, ораза ұстаса ариды дейді ғой пікіріндегі жан,  мұсылман адамның намазы, оразасы, зекеті  т.б құлшылықтарына жасалған зерттеулер соншама-мұншама пайдалы екенін, сан алуан қатерлі  дерттерден аман алып қалатынын медициналық көзқарастан деп жеткізгендер,  Мұсылмандар толқыны Алла ризалығына тұтылған жандар, орындаған құлшылықтарын  тек ғана ОНЫҢ әмірі болғаны үшін, қай бір істен бойын аулақ алып қашқанда да  тек ОНЫҢ тиым салғаны үшін деген қуатты иманмен  ғана жүзеге асырады. Ал, құлшылықтарының нәтижесі ретінде қол жеткізген биігі болса , «олдағы ЖАРАТУШЫСЫНЫҢ кешірімі, мейрімі, ризалығы...».   

Мысалы, рамазан оразасы, ислам дінінің шарттарынан. Мұсылмандарға парыз. Парыз екені ХАҚ Тағаланың қасиетті Кітабында ап-ашық аталған. Бұл парыз орындалу үшін, белгілі айы, белгілі уақыттары білдірілген. Оның дұрыс болуы, яки қабыл болу шарттарында да бұзатын қимыл іс әрекеттерге аталмыш уақыт шеңберінде тиым салынған. Ал, намаз болса олдағы белгілі уақыттарымен парыз қылынды. Зекетте белгілі мөлшерге жеткен сәтте міндет жүктесе, хажылықта мүмкіндігі болғандарға өз уақытында орындалуын бұйырды.

Дін әмірлерінің орындалуы үшін алдымен иман шарт, онан соң амалдар келеді. Иманымызда біздің рухани байлығымыз.  Бұл байлығымызды байытуда «НИЕТ» деген шартқа тіреледі.  Сол себепті Құлшылығымыздағы ниетіміздің  РАХМАННЫҢ таразысындағы салмағы басты ОЛЖАМЫЗ.

Біздер Алланың құлымыз, ОНЫҢ атап көрсеткен тура жолында ИСЛАМ атты кемеге жайғасқанбыз, Аллаға шүкір. Бұл ниғмет дариясында толқындардан аман қалып, байланған үміттеріміз, қорқыныш үрейімізді жеңсе міне сол сәттер шәйтанды шаңға бастырып, құм қаптырғанымыз.

Шәйтанда бізді ХАҚ жолдан тосып,  адастыруға бекемденген. Ал мынау жер беті міне сол шайқастың майданы. Тұзақ көп, адасумен бірге өзгелерді де адастыру бар. Өйткені сынақ бар,  хақ пен батыл арасында құлға берілген ықтияр бар.

Мұсылмандық міндеттеріміз атқарылу басты мақсатымыз. Бұл мақсаттардың төрінде құлшылықтар келеді. Ал құлшылықтарымыз «құлыңмын»-деп басымызды иген ИЕМІЗДІҢ кітабындағы, Пайғамбарының (с.ғ.с.) сүннетіндегі, оның үмметінің марқасқа серкелерінің сара жолындағы салған іздері бәрі бәрімен сәйкес келуі керек.

Кез-келгеннің ойымен, пайымдаған пішініне сәйкестіріп  құрастыратын  «ДІН» жоқ. Діни құлшылықтардың орындалуы үшін көптің назарын бұру керек болса, риясыз ниетке құмартуларына, сол арқылы ақыреттік үміттерге байлануларын негізге алу керек. Дініміз қиындатпайды, сүйіншілейді, оңайластырады. Бірақ бұлжымайтын, өзгермейтін негіздер үстіне КЕМЕЛДЕНДІРІЛІП құрылған.

Құлшылықтарымызда ниетімізге берік болайық.  Берекетін дүние яки ақыретте жолықтырармыз.Өйткені мұсылмандар уәдесін бұзбайтын ХАҚ Тағалаға құлдық етеді.

Аманкелді ҚУАНЫШҰЛЫАманкелді ҚУАНЫШҰЛЫ
10 лет назад 3304
0 комментариев
О блоге