Жүректі жақсы ниет, ықласқа толтыруға қамданыңыз, әліде кеш емес!
Жүректі жақсы ниет, ықласқа толтыруға қамданыңыз, әліде кеш емес!

Жүрек демекші, оған байланысы бар нәрсе көп-ақ. Шын мәнінде ол сан алуан мәселенің негізі болады. Қалай дейсіз бе?! Алланың жалған өмірде сынақ үшін бізге ұсынған мүмкіндіктерін қымбат санаймыз. Оны  өз пайдамызға асыра білу арқылы  дүние мен ақыретте  қатар бақытқа қол созуды мақсат етінеміз.  Олай болса осы жүрекке мән беруіміз керек.  Өйткені  жүрегімізбен  Аллаға деген пәк құлшылығымызды сезіне орындауымыз арқасында мазасыздық дертінен айығамыз !   

Жүректі  өз мүддемізге  қолдана білу үшін  негізгі шартыда оның Аллаға деген иман ниғметімен толы болуы . Оған ортақ-серік қосудан аулақ болу.  Онан ғана жәрдем сұрау керек. Онан ғана қорқу керек. Оның атын зікір ету керек. Оның ризалығы үшін ізгі амал жасау керек.  Бар болайық, жоқ болайық, сәтсіздікке тап болайық, сау болайық, ауру сырқау болайық ! Қашан қайда, не істеп жүрсекте бәрі бәрінде жүрегіміздің ОНЫМЕН байланысы жалғасты болу керек.

Егер жүрегіміз осы байланыспен дос болса оның нұрланғаны, біздің бағымыз болмақ. Сол арқылы басқа мүшелерімізде жөнге келеді. Адам пендесіде Жаратушысынан қорқу , тақуалыққа бет бұруы аясында үлгі-өнегемен ерекшеленеді. Дүниедегі егістік алаңында ақыреттік пайдасы үшін еккен арман атты тұқымы өз кезегінде  орындалады, иншалла.

Міне қараңыз, көңіл бөліп мұқият болыңыз ! Сақабалардан, Нұғман ибн Бәшир (р.ғ) Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) естігенін ;«Адамның денесінде бір ет бөлшегі бар. Ол жақсы болса, бүкіл мүшелер жақсы болады. Ол жаман болса, бүкіл мүшелер бұзық болады. Ол –ЖҮРЕК »-деп жеткізді.

Хақ Тағала қасиетті кітабында, қиямет күні иесіне нағыз пайда беретіннің жүрекке тікелей байланысты екенінен хабар береді ; «Қабірден тұратын күні мені мұңайтпа! (87) Ол күні мал да, балалар да пайда бермейді. (88) Бірақ кім Аллаға нағыз жүрекпен келсе ғана (пайда береді) (89)». (шұғара сүресі)

Ал, ниеттің орны ЖҮРЕК. Ол, пайда табу түрлерінің ең абзал мекені болмақ. Себебі, ниеттің Алла үшін деген сипатқа бүркенуі, амалдарымыздың қабыл болуы үшінгі НЕГІЗ ! Бұл амалдардың қабыл болуы үшінгі шарттарда көп емес, екеу-ақ ; алдымен, Алла ризалығын көздеген ниет. Келесісі, Пайғамбар Мұхаммедтің (с.ғ.с) сүннеті. Тағыда, қасиетті Құранға ұмтылайық, онда мына бір аяттарға көзіміз түседі ; «Олар; ғибадатты, нағыз Аллаға шынайы ынтамен бір беткей түрде орындаулары, намаз оқулары, зекет берулері үшін әмір етілген. Міне осы, тұп-тура дін. » (Бәийінә сүресі)

Мүминдердің халифасы Омар ибн Хаттаб (р.ғ) Алла елшісінен  (с.ғ.с) мына бір хадисті естігенін айтады : «Шын мәнінде, амалдар ниетке байланысты және расында, әрбір адамға ниет еткені тиесілі. Сондықтан кім Алла мен Оның елшісіне қоныс аударатын болса, онда ол Алла  мен Оның елшісіне қоныс аударған болып табылады. Ал кім қол жеткізетін дүние немесе үйленетін әйел үшін қоныс аударса, онда ол сол қоныс аударған нәрсесіне қоныс аударған (болып саналады)»

Жүректегі құпия ниеттің маңызы соншалықты мысалы ниетінде Алла ризалығы болған адам қандайда бір себеп, бөгеттерден болып сол бір амалды орындай алмасада, аталған амалды атқарған адамдай тең сәуапқа қауышады. Бұл болса жүрегімізді жақсы ниеттің мекен етуі арқылы сөз және қимыл істерімізде пайдаға, олжаға молынан батуымыз.

Сондықтан кімде кім сөзі мен ісінде жүрегіндегі ниетін Аллаға деп бұрса Оның назарында сауапқа кенеледі. Сол сияқты кімде кім жүрегінде Алла ризалығы деген ықласты ниеттен ада болса ап-ашық зиянға ұшыраған болады.  

Ақыретте жақсылыққа қауышу үшін мизан таразысында істеген амал көп болу шарт емес ! Жалғыз-ақ жүректерде Алла ризалығы деген ыстық  ықлас, ОНЫҢ Елшісіне деген бойұсыну орын алу керек. Біреудің қылған амалдары адамдардың алдында түкке тұрмайтындай аз көрінуі мүмкін. Бірақ, жүректен ықласпен жасалғаны үшін Жаратушысының құзырында құны мен салмағы тек ғана сол құлдың пайдасына. Енді біреу бар, істеген істері жүрегінле Алла ризалығы деген ықластан ұзақ жасалған, бірақ көп-ақ ! Сол себепті Алла Тағала Өз Кітабында:«Ол сондай Алла, ізгі іс жүзінде қайсыларың жақсы, сынау үшін өлім мен тіршілікті жаратқан. Ол, тым үстем, аса жарылқаушы.»-бұйырды емеспе. Олай болса ақыреті үшін уайым жеген пенде үшін сөз, іс әрекеттерінде ,  жүрегінде  Алла ризалығы үшін деген ыстық ықласқа орын бөлуі керек. Алланың өзіне берген мүмкіндіктерін  ОҒАН бойұсынуда, ОНЫҢ ризалығына бөлену деген асқақ үмітте қолдану керек. Тағы бір аятта Алла Тағала ; «Ер немесе әйелден кім сенген бойда түзу іс істесе, әлбетте оны жақсы тіршілікте жасатамыз. Әрі оларға істеген істерінен жақсырақ сыйлық береміз.» (Нәхл сүресі)

Жүректегі Алла ризалығына байланған ізгі ниет дүниелік істердіңде қадір қасиетін жоғары деңгейге көтереді.  Олай болса жүрегіндегі жақсы  ниеті өз пайдасына.  Аз уақытта өзіндегі  мүмкіндіктерді пайдалы болдырып, өмірінде сол жолда өткізе білу,  бақыттылар қатарынан көрінуге жетелейді.

Адамдар арасында  мазасызданумен ісі жоқ талай бақыттылар бар. Олардың басқаларынан айырмашылығы ақыретті ұмытпады, пәни жалғанға берілмеді, жүректерінің асыл мақсаттардың негізгі мекені екенін есінен шығармады. Міне олар мына аяттағы аты аталып, өңі түстелген Рахманның құлдары , “Шынында мен де сендер сияқты адаммын. Маған Тәңірлерің бір-ақ Тәңір екендігі уәһи етілуде. Сондай-ақ кім Раббына жолығуды үміт етсе, сонда түзу іс істеп, Раббына істеген құлшылығында; Оған ешкімді ортақ етпесін” де. (Кәһф сүресі)

Жүректі жақсы ниет, ықласқа толтыруға қамданыңыз, әліде кеш емес!

Аманкелді ҚУАНЫШҰЛЫАманкелді ҚУАНЫШҰЛЫ
9 лет назад 9671
0 комментариев
О блоге