...екі тақуалы жаннан өмірге келген екен!
...екі тақуалы жаннан өмірге келген екен!

Әбу Ханифаның (р.ғ.) әкесі өмірін Алла жолына арнаған адам болатын. Бір күні ол кісі арықтағы сумен ағып келген алманы алып бір тістегенде ойланып тұрып:

«Мен біреудің ақысын жеп қойдым» деп алманы қолына алып, судың ағысымен жүріп отырып оның иесін тауып: «Мен мына алманы бір тістеген едім», деп кешірім сұрайды, алманың егесі бұл кісінің осындай амалына қарап, оның тақуалығына көз жеткізіп:

«Кешірмеймін» деп жауап қатады.

Әбу Ханифаның әкесі сонда: «Мен сізге ақысын төлейін, болмаса өмірімнің ақырына дейін сізге қызмет жасайын, қалаған ісіңізге көнейін, ең бастысы – сіз маған разы болыңыз» дегенде алманың егесі:

«Бір ғана шартым бар, соны орындасаң разы боламын. Менің бір қызым бар, бірақ оның көзі көр, құлағы естімейді, аяқ қолы істемейді. Соны некелі жарың етіп ал» дейді. Сонда жігіт:

«Мүгедек қызбен бұл өмірімді азапта қиындықта өткізгенім абзал ма, әлде ақыретте қиналғаным дұрыс па?» деп ойланып, Алладан қорқып мүгедек қызды өзіне жар етіп алуға келіседі. Уақыты келіп некеге тұрғалы жатқанда, ай десе аузы күн десе көзі бар аяқ қолы бүтін қызды көріп:

«Сіз бөтен қыз боларсыз, маған уәде етілген қыз мүгедек еді» дегенде,

қыз: «Менің көзім көр дегені – харам нәрселерге қарамадым, құлағым естімейді дегені – жаман нәрселерді естімедім, аяқ қолым сал дегені – әкемнің рұқсатынсыз үйден аттап шықпадым, қолыммен харам нәрселерді ұстамадым, сол себепті әкем мені осылай сипаттаған еді» депті.

Осындай екі тақуалы жаннан өмірге Әбу Ханифа р.ғ келді.

Аманкелді ҚУАНЫШҰЛЫАманкелді ҚУАНЫШҰЛЫ
9 лет назад 5278
0 комментариев
О блоге