Біз аруақтар әлемінде Жаратушымыз ;"Мен сендердің Раббыларың емеспін бе"-дегенде мүдірместен ;"иә, Сен біздің Раббымызсың"-дегенбіз.
Біз, Алла Тағаланың әмірімен есімдер жаттап, періштелердің алдында жатқа айтып, олардың Алланың әмірімен бізге сәжде жасауына себеп болғанбыз.
Біз, Алланың жер бетіндегі xалифасымыз.
Біз ұжмақтың төрінен орын алып, қаншама ниғметтерді көзге ілмей шәйтанның арбауымен жер бетіне келген Адам атаның ұрпағымыз.
Біз, шәйтанның Аллаға қарсылық жасап Оның мәңгілік лағнатына қалуына басты себеп болғанбыз.
Біз, Алланың құдретімен көркем бейнеде жаратылып, жер бетіне қонақ болып келіп, ақыретте мәртебелі немесе ең масқаралы болып қайтуға келгенбіз.
Біз, жаратылыстардың мырзасымыз, Алла бізге бәрін қызметке ұсынды, бізгеде ӨЗІН тану мақтанышын нәсіп етті.
Біз, бізге аманатпыз.....