Иә, нығметтердің ең құндысы "МҰСЫЛМАНМЫН" деп айта білу, оны іштей сезіну.
Біз бақытты жандармыз. Себебі ақырет пен дүниесін қатар тізгіндеп, өмір мен өлімге қатар дайындықпен, әрекеттермен жүрген жандармыз :). Солай екені рас десек сәл бәсеңдеп, нәпсіге қолқа салып, көңілді тінту керек.
Біз "ЛӘ ИЛӘҺӘ ИЛЛАЛЛАҺ, МҰХАММӘДҮН РАСУЛУЛЛАҺ" деп ерініміз жыбырлаған болса, мұны көп мәселемен ұштастыру керек. Алдымен бұл "қасиетті кәләм" арқылы пенде біздер: "Алладан басқа құлдық жасалатын Құдай жоқ. Мұхаммәдте (с.ғ.с) Алланың Елшісі" деген ұлы аманат сөздің астына қол таңбамызды қалдырдық. Бұл қол таңбамыз арқылы мұсылмандықтың негізі саналатын "бұлжымас шарттарына бой ұсынамыз" - дегенді әр біреуіміз тіл мен айтып жүрекпен бекіткен сәттерімізде естен шығармауымыз керек тағы бір ұлы іс "Хақ Тағаланы, Періштелерді" - куә еткеніміз болады.
Демек, біз Аллаға "СЕН Жаратушымызсың, Құлдық жасауға тек СЕН лайықтысың"- дедік. Сонымен бірге ОНЫ көрмей тұрып көріп тұрғандай сезімде міндетімізді атқара білу үшін, Өзінің әмір және тиымдарын үйретуге дәнекер ретінде Пайғамбарлар тізбегінің ең соңғысы Хазрет Мұхаммәдті (с.ғ.с) сүйіншілі, ескертпелі хабарлармен бізге арнайы елші етіп жіберді. Бұл ұлы затт 1430 қанша жыл бұрын өмірге келді, кетті деп ғана қоймай тағыда көрмей тұрып иман келтіргенбіз. ОНЫ (с.ғ.с) Алланың Елшісі деу арқылы (с.ғ.с) біздердің әр біреуіміз Құран кітапты аманат деп жүктедік, жауапты боламыз. Өйткені қол таңбамызды қалтырғанбыз. Уәдеде тұруымыз керек. Ең абзалы Алла қаламаған құлына бұл сөзді айтқызбайды даІ Дүние егістік алаңы, ақыретіміз уәдеге есеп орны. Алла уәдесінде өзгермейді еш қашан, ал БІЗШЕ ?!
...өмір мен өлім, уәде мен ант бұзарлық, құлшылық пен құлдың үміті, нәпсіге қамшы іздетеді..