"Жаз көңілін - салқындау күз алады,
Ауыр сөзден жүректе - із қалады...
Ол Ананың, Әкенің - жалғыз гүлі,
Реңжітпегін!
Ұрмағын - қыз баланы.
Боқтауға да, ұрысып, ұруға да,
Басқа шығып, басынып тұруға да.
Құқығың жоқ!
Сен емес! Тапқан, баққан...
...Бар міндетің,
Бақытты - қылу ғана.
Жігітпісің???
Дәлелде - ақылыңмен,
Ақылыңмен, сабырмен, ақырын кел.
Жаймен айтқын, түсіндір - түйсігі бар,
Қол көтерсең, көргендер - Мақұрым дер...
Әкесіндей - еркелет, мейіріммен,
Ағасындай - қорғағын, пейіліңмен.
Өз досыңдай - сырлас та, жақын тартып,
Өз жаныңдай сүйгейсің, "сен күнім" - деп..
Бек ЖЫЛҚЫБАЕВ