Аллаһ кімдерді жақсы көреді?
Аллаһ кімдерді жақсы көреді?
«Аллаһу та’ала (күлімдеген) жылы жүзді адамды жақсы көреді.» 
(Бәйһақи)
«Аллаһ мухсин. Мухсиндерді (жақсылық жасайтын) адамдарды жақсы көреді.»
 (Табарани)
«Аллаһу та’ала – көркем. Көркем (әдемі істерді) жақсы көреді. Аллаһу та’ала – жомарт. Жомарттықты жақсы көреді. Аллаһу та’ала – таза. Тазалықты жақсы көреді.»
 (И. Адий)
«Аллаһу та’ала жұмсақ мәміледе болғандарды жақсы көреді.»
 (Мүслим)
«Аллаһу та’ала жасаған ісін кемшіліксіз (адал) жасаған адамды жақсы көреді.» 
(Бәйһақи)
« Аллаһу та'ала кешірімді және кешіргенді жақсы көреді.»
 (Хаким)
«Аллаһу та’ала тәубе етуші жастарды жақсы көреді.» 
(Әбушшәйһ)
«Аллаһу та’ала жастық шағын Аллаһқа мойынсұнумен өткізген жастарды жақсы көреді.»
 (Әбу Нуайм)
«Аллаһу та’ала мазлұмға және қиыншылыққа тап болған адамға жәрдем беруге асыққан адамды жақсы көреді.»
 (Бәйһақи)
«Аллаһу та’ала тайсалмай дұға ететін құлдарын жақсы көреді.»
 (Бәйһақи)
Аманкелді ҚУАНЫШҰЛЫАманкелді ҚУАНЫШҰЛЫ
9 лет назад 4291
0 комментариев
О блоге