Сіздің дұғаңызды күткендер бар
Сіздің дұғаңызды күткендер бар

Таяу шығыс елдерінде араб көктемі деген атпен ортаға шыққан бұзғындықтан зиян шеккендердің алғашқы қатарында қарапайым xалық, бейкүнәлі мұсылман бауырларымыз орын алады. Халық наразылығымен басталған көтерілістерден бұл күндердегі нәтижесін күтпегендерде әлбетте миллиондар . Бұл сұмпайы аяусыздықтарда кімнің батырған бармағы бар, дінмен қаншалықты тамырласады. Ол елдердің бір біріне қырғи қабақ танытуы, өзара қырлысып, соғысуы кімге олжа?! Хақ тағаланың діні жазықсыз жерге адам өлтірмек түгілі, xалалдап бауыздайтын малдың өзін қинауға ақымыз жоқ екенін бұйырмай ма! Ендеше көл болып аққан адам қаны кімдердің құмарын қандыра алмады екен, аа. Ақиқаттың қайнар бұлағы болған араб жазирасына не болды, әлде олар ...

Біз үшін күшті қаруымыз дұға. Дұғамызда өзіміз үшін деп шын пейілден Жаратушымыздан сұранамыз. Зұлымдықта қалған әлсіз мұсылмандар үшін ең болмағанда қолымызды жайып, қайғы қасыреттерінен айығуларын дұға тілектерімізден қалтырмауды, әдетке айналдырайық. Әсіресе бұзғындықтың туын көтергендердің залалынан мұсылмандарды қорғауын сұранайықшы. 

Дұға құлшылық, біреудің сыртынан жасалған тілекте қабыл болуға лайықты екен. Мұсылмандарға еткен дұғамызға періштелер әмин деп, Жаратушымызда қабыл десін. 

Аманкелді ҚУАНЫШҰЛЫАманкелді ҚУАНЫШҰЛЫ
2 года назад 432
0 комментариев