...Қасиетті жұма намазынан қалмайық!
...Қасиетті жұма намазынан қалмайық!

"Әй, мүміндер! Жұма күні жұма намазына азан шақырылса, Алланы еске алуға асығып, өздерің барыңдар. Сауданы тоқтата тұрыңдар. Біле білсеңдер, сендер үшін осы жақсы" /жұма сүресі/

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ер адам жұма күні жуынып – шайынса, шамасы жеткенше тазаланса, иіс майларынан не үйінен жағымды иіске бөленіп шықса, содан соң екі адамның арасын бөлмесе, жазылған намазын орындаса, имам сөйлеген кезде үндемесе, міндетті түрде оған өзі мен келесі жұманың арасындағы өткені кешіріледі» - деген.

Ендеше, күнделікті күйбең тіршілік арасындағы біліп - білмей істелінген күнәларымыздан арылу үшін Алланың әмірі қасиетті жұма намазынан қалмайық. Мешіттің шынайы көркі – оның жиылған жамағатында!

Аманкелді ҚУАНЫШҰЛЫАманкелді ҚУАНЫШҰЛЫ
2 года назад 503
0 комментариев