...Ей, Омар, неге жылайсың? – деді
...Ей, Омар, неге жылайсың? – деді
Бір күні Омар Фаруқ (радиаллаһу әнһ) Пайғамбарымыздың ﷺ  үйіне барады. Алла елшісі ﷺқамыстан жасалған шидің үстінде жатыр екен. Шидің үстіне еш нәрсе төселмепті. Бас жағында құрма жапырақтарынан жасалып, терімен қапталған бір жастық, аяғының астында иленген кішкене тері ғана бар еді. Мүбәрак денесіне түскен қатты шидің іздерін көрген Омардың (радиаллаһу әнһ) көздеріне еріксіз жас келді. Пайғамбарымыз ﷺ одан:
 
– Ей, Омар, неге жылайсың? – деді. Ол:
 
– О, Аллаһтың елшісіﷺ! Иран мен Византия императорларының сән-салтанатты бай өмірлері есіме түсті. Сен Аллаһтың елшісі болғаныңа қарамастан, осындай жұпыны тірлік кешесің. Соған толқимын, дегенде, Пайғамбарымыз:
 
– Бұл дүние – олардікі, арғы дүние – біздікі болғанын қаламаймысың? – деп Омарды жұбатады.

 

Аманкелді ҚУАНЫШҰЛЫАманкелді ҚУАНЫШҰЛЫ
2 года назад 840
1 комментарий