Дүние және ақыретіміздің берекетті болуы мен құрдымға кетуіде тіліміздің еншісінде
Дүние және ақыретіміздің берекетті болуы мен құрдымға кетуіде тіліміздің еншісінде

Тіліміз біздегі мүшелеріміз арасынан пайдасы өте зоры екені даусыз. Әсіресе ақыретке сенімі нығыз болғандар үшін өкініштің пайда бермейтін күнінде «өкінішке қалмау»- деген ұлы арманы мен үмітіде осы тіл арқылы орындалады !

Құранда мынадай аят бар : «Аузынан бір сөз шығарса-ақ болды, алдында аңдушы дайын.» (Қаф сүресі 18-аят)

«Meні еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын» (Бақара сүресі 152-аят)

«Әй мүміндер! Алланы өте көп зікір етіңдер. Оны ертелі-кеш пәктеңдер.» (Ахзаб сүресі 41,42-аят)

«Намаз өтелген кезде, жер жүзіне таралыңдар да Алланың мәрхаметінен несібе іздеңдер. Сондай-ақ Алланы көбірек зікір етіңдер. Әрине құтыласыңдар.» (Жұма сүресі 10-аят)

Мұсылман адам тілін пайдасыз сөз сөйлеуден қорғауы тиіс. Тіпті оның қаталасуға душар етуінен сақ болуы керек. Әбу һүрайрадан (р.ғ) рауаят етілген хадисте, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) ; «құл бір ауыз сөз айтады, соның салдарынан батыс пен шығыстың ара қашықтығынан алыс отқа түседі»-бұйырады.  

Мұсылман адам айтқан сөзіне ие болады. Кей сәттерде үнсіздігімен қайырларға, жақсылыққа кенеледі. Әбу һүрайрадан (р.ғ) рауаят етілген хадисте, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) ; «Кімде кім Аллаға, ақырет күніне сенсе жақсы сөз айтсын немесе үнсіз болсын»-дейді.

Олай болса мұсылман адам тілін бос орынсыз, артық сөзге қолданбайды. Алланың берген бұл ниғметін зікір етуге, тәсбиқ тартуға, Құран оқуға, діннің әмірлерін, тиымдарын орындауда және басқаларға жеткізуде, Исламға шақыруда, үгіт-насихат айтуда, өзі және өзгелері үшін олжалы болатын тұстарымен пайдаланады.

Әбу Муса әл-Әшғари (р.ғ) Пайғамбарымыздың мына бір хадисін жеткізеді ; «Раббысын еске алатын мен алмайтынның мысалы тірі мен өлі тәріздес»

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) сахабаларын Алланы өте көп зікір ететін  ер мен әйелдер қатарынан болуларына үндеген еді. Бұлдағы тіл арқылы жүзеге асады.

Егер құлдың тілімен айтқаны жүрегінде сайрап тұрса қандай теңдессіз ниғмет болар еді, десеңізші ! Құлдың уақыттарын зікір етуге арнап, солай дағдылануы оның ақырет мизан таразысында салмақты қазынаға кенелуіне жетелейді. Бұл ойдан шығарған үміт емес, Ұлық Пайғамбар (с.ғ.с)  былай бұйырады ; «екі сөз бар, айтуға жеңіл, мизанда салмағы ауыр, Рахманға жағымды. Ол сөз, сүбхааналлаһи уәбихамдиһ, сүбханаллаһилғазим» Тағыда Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айтады ; Мен үшін «Сүбханаллаһ, Әлхамдү лилләһ, Лә иләһә иллаллаһ, Аллаһү әкбар-деп айтуым үстіне күн туған барлық нәрседен сүйкімді »

Сөзсіз, Құран оқу тілімізді пайдаланудың ең мәртебелісі болады. Әсіресе оны қолымызға алып оқығанымызда мағыналарына тоқталып, ойланып сусынданумен бірге оның ішіндегі айтылғандармен бұл тірлікте амал қылуға ат салысудың орны мүлдем бөлек! Пайғамбарымыз (с.ғ.с) , «Кімде – кім Алланың кітабынан бір әріп оқыса – бір сауап, ал бір сауап он сауапқа тең. Әлиф-ләм-мим («Бақара» сүресінің басы) бір әріп деп айтпаймын, әлиф бір әріп, ләм бір әріп, мим бір әріп» бұйырды. ( Тирмизи, Абдуллаһ ибн Масғуд риуаят етеді)

Құранды жақсылап оқыған, әріптерін дұрыс айтуға машықтанған әрі аяттарға амал еткен мұсылман Құранды жазуға тағайындалған мәртебелі періштелермен бірге болатынын бізге мүминдердің анасы Айша (р.ғ)  риуаят еткен хадистен көреміз:

«Құранды шебер оқуға машықтанған жан Құранды жазуға тағайындалған мәртебелі періштелермен бірге болады, ал Құранды оқығанда кекештеніп қиналса, екі сауап алады» (Бухари, Муслим, Әбу Дәуіт және Тирмизи).

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) сахабаларымен жиналып отырған мәжілістерінде «Уа Раббым кешір мені, тәубамды қабыл ал, шынтуайтында тәубаларды қабыл етуші, рақым иесі СЕНСІҢ» мағынасындағы дұғаны 100 мәртелеп айтатындары туралы ибн Ғұмар (р.ғ) жеткізеді. (Әбу дәуд, Тирмизи)

Мұсылман қауымы есіңізде болсын. Ғайша анамыз (р.ғ)  Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) бұл өмірмен қоштасарында ең көп мына зікірді айтып жатқанын айтып кеткен еді. Ол зікір; «Сүбханаллаһи уәбихамдиһ, Әстагфируллаһ уәәтүбү иләйһ»

Олай болса құрметті мұсылман қауымы тілімізге ие болуымыз оған өте мән беруіміз керек болғаны сияқты қайырлы, ізгі жақсы сөз айтуға құмартумен бірге үнсіздік керек сәттерде де үн шығармай шыдау керек. Дүние және ақыретіміздің берекетті болуы мен құрдымға кетуіде тіліміздің еншісінде екенін ұмытпауымыз керекте.

 

 

 

 

Аманкелді ҚУАНЫШҰЛЫАманкелді ҚУАНЫШҰЛЫ
1 год назад 940
2 комментария
  • «Кімде кім Аллаға, ақырет күніне сенсе жақсы сөз айтсын немесе үнсіз болсын»
    1 год назад
  • Тілді еркіне қоя берсек басты жауымызға айналады.
    1 год назад