Бір әйел бар, күйеуге тиген....
Бір әйел бар, күйеуге тиген....

Бір әйел бар, күйеуге тиген. Кейіннен күйеуі алыс сапарға аттанып, сол жолғы сапары  ұзаққа созылып, із-тозсыз, xабар ошарсыз кеткен. 

Иә, шариғат адамзаттың өмірі мен ақыретіне қатар бағыт-бағдар береді. Мұнда да адам өмірі, құл xаққы сөз болып тұр. Оған дініміз бейтарап қалмайды. Жауабы бар. 

Шариғатымызда неке дұрыс болуы үшін уақытқа байланған шарт болмайды. Екі жастың тек өмірлік деген құштарлықпен некесі қиылады. Енді бұл әйел өзінің xалал күйеуінен талақ естімеген, ажыраспаған. Сол себепті басы бос емес, иелі. Бірақ, олсыз өткен жылдардың үстінде еріген шамдай өмірі өтіп жатыр !

Біреу үшін күнделікті алуан түрлі ақпараттардан деп өте шығардай жеңіл болса келесі иесі үшін ауыр салмақты, пешенесіне жазылған иләһи тағдыр екені рас.

Ақиқат діні мұрагерлері, фиқһ саласының майталмандары, ғұламаларымыз аталмыш мәселеге тоқталып фәтуасын бергенде шығар. Мысалы шәфиғи мәзһабы бақандай төрт жыл күтсін десе xанафи мәзһабыда басы байлаулы екенін басым айтып, қазының үкіміне ишарет етуде. Ал күйеуінің мирасы әйелінің қолынан түгелдей алынып, тиесілі мөлшерлісі берілсін делінеді. Ертең күйеуі шыға келсеше ...

Заманымызда, жәһандану дәуірінде белгісіздікке көмілу, xабарсыз кету өз алдына үлкен күмән ғой. Бір тарапта шырылдаған әлсіз әйел, ертеңі күңгірт! Келесі жағада нендей себептермен ортада көрінбей кеткен жауапсыз сұрақ иесі күйеу жігіт . Үшінші тарапта әйел мен күйеуі арасындағы күйеуі, әйелі атты шариғат үкімінің барлығы мен жойылуы тұрғысынан тартыстар! Сіз не дейсіз?!

Аманкелді ҚУАНЫШҰЛЫАманкелді ҚУАНЫШҰЛЫ
2 года назад 603
5 комментариев
  • "Сапар қылған"деген сөйлем қазақша болмаса керек. Дұрысы "Сапарға аттанған, сапарға шыққан, сапар шекті" болуы керек. "Сол сапар мол сапар болып" дегеннің орнына "ұзаққа созылып" деу керек шығар.
    2 года назад
  • Кеңес өкіметі тарап, халық күн-көріс қамымен, бас қайғысымен жүрген кезде нешеме еркек, әйелдер әртүрлі сапарға аттанғаны бар-тын.
    Енді кім болса да, яғни тірі адам тіршілігін жасау керек екендігін ұмытпасақ әйел де өз таңдауына құқы бар деймін.
    Әмеңгерлік бар. Немесе...
    Ағайын-туыс ортақ мәмілеге келіп ерінсіз қалған әйелдің , бала-шағасының тағдырын ұзақ жылдарға күттірудің орынсыз екенін айтпаса да түсінікті.
    Бәрі жеке адамның өз таңдауына қалдырған абзал.
    Алланың сынағын кім қалай қабылдайды, өзі шешсе.
    Ен абзалы ақылдасып шешкен дұрыс!
    Алла бәрін білуші!
    2 года назад