Бақара сүресінің 273-аяты турасында
Бақара сүресінің 273-аяты турасында

"Сондай Алла жолында қамалып шықпай отырған, жер жүзінде жүре алмайтын, білмегендер, оларды абырой сақтағандықтарынан бай деп ойлайтын пақырларға беріңдер. Оларды бейнесінен-ақ танисың. Олар адамдарға жабысып сұрамайды. Сендер не қайыр берсеңдер расында Алла (Т.) оны біледі."

Жоғарыдағы қасиетті аяттың түсуіне Асxаб-суффа аталған салиқалы жандар себеп болған екен. Олардың саны төрт жүздей болған. Мединеде -үйлері, туыс туғандары- еш нәрселері жоқ еді. Бар қылатын істері үнемі Құран аяттарын үйреніп, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сұқбаттарын тыңдап, уақыттарын түгелдей, ілім және ғибадатқа арнап, соғыстарға қатынасушы еді. еді. Міне осы абзал жандар, Алла Елшісінің  (с.ғ.с) медресесіне өздерін атаған абзал жандар !

Пайғамбарымыз  (с.ғ.с) олардың бастарындағы кедейліктің қиын жағдай екенін сезінуші еді. Сол себепті олардыңда көңіліне қуаныш сыйлау арқылы үмметінеде мына бір мүбарак xадисін қалтырғантын ;"Ей асxаб-суффа ! Сендер үшін сүйінші бар. Және кім болмасын сендер сияқты жағдайда болып ол xалінен разы кейіпте жан тапсырса, ақыретте менің жолдастарымнан болады." 

Бұл аят оларға түскенімен әкелген үкімі жалпыны қамтиды. Сондықтан, Алла ризалығы үшін ілім    үйренген, Алла жолындағы қызметтерге Оның ризалығы үшін өзін атаған, осы себептен болып мал-мүлкі болмаған, мұқтаждығы басым болыпта нәпақа табуда қиналған мұсылман пақырларыда осы үкімге кіреді. 

Осыларда садақалардың берілуге, үлестірілуіне лайықтылар. 

 

Аманкелді ҚУАНЫШҰЛЫАманкелді ҚУАНЫШҰЛЫ
1 год назад 836
2 комментария
  • Денсаулығы жап-жақсы, басқа істейтін түгі жоқ бола тұра, қайыр тілеп жүрген тіленшілерге бергенше, осындай салиқалы жандарды тауып беру керек. Өте орынды, жақсы түсінікті мақала.
    1 год назад
  • Қазақ аталарымыз нанын көршісімен тең бөліп жеген. Дүниесін де солай жасаған.
    1 год назад