....әне аяғы ауыр қарындас, орын беріп құрмет қылайын
....әне аяғы ауыр қарындас, орын беріп құрмет қылайын

Тағы бір күн өтіп, тағы бір есеп беру өз еншісіне жақсылық пен жамандықты жазып үлгеруде. Ниет етіп, ықлас қылсақ, соған адалдық танытсақ ой елегінен өтіпте,  орындалмаған іс үшін сый тартамын деген Рахманның құлымыз. Олай болса, кеш қалмайық, бүгін бар, ертең бар, оның арғы күні... Жоқ, қолдағы бүгінді жақсы өткізейік. Ертең, оның арғы күндері деген кепілдік қолымызда жоқ емеспе ! Кімді не күтіп тұрғанын қайдан білесіз?! Сол үшін ; 

"Егер су ішіп жатқан торғайды көрсеңіз үркітіп, үрейін алмаңыз. Сол үшін Алладан сауап үміт етіңіз. Мүмкін жүректер қорқыныштан алқымға тығылған махшар күні Алла сізді  үрейден, қорқыныштан, мазасыздықтан сақтап, ПАНА болар.

Көшеде жолыңызға шыққан итті қақпай, көлігіңізді шетке бұрсаңыз, жол жөнекей кезіккен үлкен кішіге құрмет көрсетіп, сәлем берсеңіз Алладан сауабын үміт етіңіз. Мүмкін Алла сізді  итті жаман өлімнен құтқарғаныңыз сияқты сізді де жаман өлімнен сақтап, кішпейілдігіңіз үшінде адамдар арасында қадірлі пендесі қылар.

Тамақ қалдықтарын қоқысқа төгерде "құстар жесін"-деген ниетпен мүмкіндік жасаңыз. Сосын Аллаһтан сауабын үміт етіңіз. Алла сізге күтпеген  жерден ризық берер. Оның рыздық қазынасы таусылмайды. 

Әрдайым, қайда болсаңызда, не іс атқарсаңызда Алла ризалығына ниет етіңіз, жақсылық көбейсін, береке бірлік артсын деп дұғада болыңыз. Мүмкін Алла сізді дүние мен ақыретте қатар ізгі амалды адамдардың қатарынан жазар.

Жақсылықты аз да болса да жасап қалуға тырысыңыз. Себебі қай жақсылығыңыз Жәннатқа кіргізетінін білмейсіз ғой..." Қамданыңыз, әне бір аяғы ауыр қарындас, орын беріп құрмет қылайын, ;) Амалдар ниетке байланысты...

 

Аманкелді ҚУАНЫШҰЛЫАманкелді ҚУАНЫШҰЛЫ
2 года назад 494
0 комментариев