Сәті келіп темір құстың қанатын қағып....
Сәті келіп темір құстың қанатын қағып....

... Сәті келіп темір құстың қанатын қағып, аяғын жиюымен аспанға көтерілдік. Жер бетінен көз жеткісіз биікке самғаған жоқ болсақта, табан тіреп жер басып жүргенге не жетсін, шіркін. Уақыт ағымымен таласқан дамыстың бізге берген мүмкіндіктері деп қуанып жүрсектағы, осы бір биікте ұшақ терезесінен жерге үңіліп қарағанымызда еріксіз алуан түрлі ойға берілеміз. Алла Тағала бізді тек Өзіне ғана құлдық етуіміз үшін жаратумен қатар сол мақсаттың орындалуы үшінде аспан мен жер жаһанды  сансыз ниғметтерге бөледі. Ұшақтан көз жүгіртіп қарағанда орман тоғайға бүркелген таулар мен қар жамылған алып таулар, көлдер мен жылжып аққан өзендер, жаз жайлауда кең алқапты мекен еткен аппақ шағаладай кигіз үйлер жәнеде жайылымда нәсібін іздеп, қоректенгенінен сүтін, айранын бізге беретін  дала сәніне көрік қосқан,  шұбарланған бес түлік мал . Неткен көрікті табиғат, неткен құдіретпен үздіксіз орындалып, тыным таппай тұрған алып шаруа десеңізші ! Бәрі бәрі біз үшін, бізде Жаратушының әміріне бағыну үшін ...

Ұшақ бұлттарға араласып тұманға тұмсығын тыққаны сол-ақ екен, өне бойым дір ете қалды. Алдың тұман, артың тұман, денесі кішкене темір құста ышқынып, әредік екі жағына теңселіп, ұшақ қызметшілеріде дауыс ұлғайтқышпен мәлімет беріп жатыр. Аз ғана минуттар ішінде егерәкім өліп кетсем деген ойғада сүңгіп, тәубаға келіп, іштей жалбарынып үлгердім. Пендешілік қалсын ба, көңілдегі күдік айығып, тұманды бұлттан арылып қайтадан терезен әдемі табиғат көрініп тұр. Кемедегінің тілеуі бір демекші бәріміз бір бір орындыққа нығызданып отырып, орындыққа жабысып таңылып алғанбыз. Әр біреуіміздің жеке жеке жан сақтағыш қорғаушымыз саналатын бәлесіде орындығымыздың астында тығылып тұр. Құдай сақтасын! 

Тағыда ойым бөлінді, қызметші ішіп жеңіздер деп әлек болып, кісі басына кішкентай пакетпен қосып чай, сусын таратып жүргеніндегі маған келген кезегі бөліп жіберді. Мен тамағын алмадым, харамда! Басқаларыда солай істеген шығар. Су ішіп отырмын, аспандамыз бір жұтым су мен ауаның қадірі мен құндылығы ақылыма келді. 

Бір-бірінен кейін тізбектеліп ойыма оралған көп ойдан түйгенім, жер бетінде томпаңдап жүргенге не жетсін ! Бізді қоршаған сан алуан ниғмет арқылы ИЕСІНЕ бойұсынудан артық не бар ! Жер біз үшін, себебі біз топырақтан жаратылдық, оған қайта ораламыз және уәделі күні жер бесіктен түрегелеміз. Ұшақта қонды, ду қол шапалақ, менде күбірлеп отырмын, шүкірімді айтып...

Келер күндер сәтттілігімен !

Аманкелді ҚУАНЫШҰЛЫАманкелді ҚУАНЫШҰЛЫ
2 жыл бұрын 749
0 пікір
Блог туралы