....Күтпеген еді, бірақ тағдырда!
....Күтпеген еді, бірақ тағдырда!
Жол жөнекей бұрылып ауруxанаға келдім. Сыртына келіп тоқтай бергенен-ақ көзіме көрінгені сапырылысқан адамдар. Не қылып жүр дерің бар ма? Апыл-ғұпыл, асығып аптығып жүгірісіп жүр. Қолдарында көтерген бұйымтайлары, жақындары науқас осы ғимаратта, солардың қамын жеп жүргендері ғой, қайтсін енді! Бұл жердің маған әсеріде тым басқаша сезінді. Мұнде келгенімеде аз уақыт болсадағы түрлі оқиғаларды көз алдымнан өткізіп үлгердім. 
 
Дауысы үрейді алған жедел жәрдем көлігі қабылдау бөлімі алдына тоқтай қалғаны сол екен, мед-бикелерде жан таласып келген науқасты қысқа уақыттың ішінде ішке алып кетті. Артынан іле-шала сақшы бөлімі қызметкерлеріде келіп, қолдарындағы ақ парақтарға бір нәрселер белгілеп жазып жатыр. Әне бір топ адам тағы келді. Бұларда жаңағы ішке әкетілген бейтанымтың жанашыр-жақындары болса керек. Бет әлпеттеріндегі үрейлеріде осыны ишарет еткендей. Анау егделеген әйелдің көл-көсір болған көз жасы мен маңайындағылардың осы кісіні қоршауына қарағанда, жаңағы бейтаныстың анасы сияқтанады. 
 
Бұл ойымды мынау келген адамдар легі бұзып жіберді. Өзара әңгімесі мен қорғаншақтықтарына қарағанда бұлардағы әлгі науқасқа байланысты кінәлі адамның тараптары екеніне байландым. 
Дәрігерлердің шұғыл мәжілісі бөлмесі алдында топырлап тұрғандарға жүре жауап берген дәрігердің қарасы жоғалып кеткеліде біраз болып еді. Оныңда қарасы көрінді, алдын кескектеп, жағасына жабысқандармен бірге бөлмесіне зорға кірді. Бірақ көп айланбай, ұлар шу болған бөлменің ар жағында науқастың өлім xабары естірілгенін пайымдадым. Дәрігердің есігі айқара ашылды. Әлгіндегі әйелді доңғалағы бар жүгірмек төсекке салып алып асығыс кеткен дәрігер мен мед-бикені көзім шалды. Демек, анасы бауыр етінен айрылғанын естіген сәтте "балам деген маxаббаттың" салдарынан осы кейіпке түскен болды.
 
Қасымда маған жақын терезенің алдында отырған ер адам өз бетін өзі тырнап, өз шашын өзі жұлып, "мен біттім"-деп жар салып, жақындарыныңда мазасын алып жіберді. Бұл жан тәслімі болған адамның жанын қиған тізгінші екен. Оныда кешіккен жоқ сақшылар бөлектеп алып кетті. 
 
Басымды салбыратып жүріп келем, "иннә лиллә..." 
Ойымда мына ғимарат қанша адамның жанына араша болып, қанша адам осы жерден сүйегі шықты екен! 
 
Қысқа ғұмырда, бізге қандай өлім бұйырар екен ! Ден сауда, мүмкіндік барда Аллаға құл болудан жалықпайық, ағайын! 
 
Жұма, қасиетті күн, қайырлы, олжалы істер қылып үлгерейік! Өлім бар екені шындық! Бірақ қашан, қалай, қайда екені-ҚҰПИЯ !
Аманкелді ҚУАНЫШҰЛЫАманкелді ҚУАНЫШҰЛЫ
2 жыл бұрын 779
3 пікір