Бірдеңке қылу керек
Бірдеңке қылу керек

Бүгін тағы жұма, кеше ғана жұма қылған сияқты едік ;) уақыт жылдам тігісіне түсіп кеткен бе, таң атса кеш батады. 

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір xадисінде: "Адамдардың көбі қадірін біле бермейтін екі нәрсе бар. Ол бос уақыт пен денсаулық" бұйырғанында осы аталған ниғметтерден пайдалану мүмкіндігінен айырылып қалмау керек екенін ескерткендей. 

Уақыт бізді тоссын ба қылыш іспеттес қиып түсер айбынымен өткінші жаңбырдай ғана із қалтырып кете береді. Ал біз болсақ уақыт кестесіндегі өмір бедерімізді немен өрнектеп жүр екенбіз?! 

Қазекең бірдеңке қылып кету керек деп жүріп-ақ көп олжадан қалыс қалып қоймасақ болғаны, бірдеңе қылмасам да, бірдеңе бүлдірмесем екен, уақытпен бірге мен де қимылдайын, жұмаңыз қабыл болсын, мұқият болыңыз бүгін ішіне жасырынған дұға тілек кері қайтарылмайтын сағат бар, өтіп кетпеді ме екен, әй уақыт сол...

Аманкелді ҚУАНЫШҰЛЫАманкелді ҚУАНЫШҰЛЫ
2 жыл бұрын 438
2 пікір
  • Дұрыс айтасыз, бірдеңке қылу керек, әр күні адам өзіне пайда берер әйтеуір "бірдеңке" істеуі керек. Мейлі кітап оқысын, мейлі садақа берсін, мейлі көбірек табыс тапсын, жаңа жоба жасасын, нәпіл оқысын әйтеуір өзіне пайдасы бар "бірдеңке" істегені дұрыс. Сонда "кешегі күнім босқа кетті" деп өкінбес.
    2 жыл бұрын
  • Apple корпорациясының негізін қалаушы Стив Джобс әр күнің соңғы күніндей өткізетін болған екен,өзіне күн сайын :"Бұл менің өмірімнің соңғы күні болса не істер едім?"-деген сұрақ қоятын болған,себебі өлім - ұлы шабыттың көзі деп санапты ( Смерть - величайший источник вдохновения)
    2 жыл бұрын