Азанға жауап бер, бермесең жауапқа тартыласың !
Азанға жауап бер, бермесең жауапқа тартыласың !

Азан дауысы, оның күнделікті пенделерді Аллаға шақыруы мәнді де, сәнді ғой. Жалғыз сол азанның естілуімен оған жауап беруде тым кешігіп жүрген болмайық. Азан деген - ұлы мақсатқа мұрындық іспеттес, жарықтық.  Ұмытшақ адамзатқа жаратылу, өмірде күн кешіп тірі жүрудегі мақсатын есіне салып тұрған киелі мағыналы, Азан. Иә, ол мейрімі мен рақымы шексіз Аллаһ Тағаланың құлдарына деген тосын сыйы . 

Иә, Азан Аллаһү әкбәр деп Жаратушымызды ұлықтап, тағзым етуге шақырады. Аялдама бас аяғыңды, атта қадамыңды қасиетті азан дауысы шыққан тарапқа. Қуанышты күй ғой, өткен өмірдің өкпелі кезеңінде азанның дауысын аңсап өткендер бар. Сен болсаң азан естіп, ысқырып чай ұрттап, мұртыңнан жымиып отырған болма?! 

Азаншы болса, Алладан басқа ешбір тәңір жоқ, Мұхаммәд ОНЫҢ елшісі екендігіне куәлік етуді тілмен жария етіп, жүрекпен құптап бекіт деп тағы ашық айқай салып тұр. Мұны күніне уақтылы намаздардың бәрінде қайталайды. Неге ме, еске салу, назарыңды аудару арқылы Рахманның құлы болудағы маңызды, өзгеріссіз шарттар екеніне тоқталып тұр. 

Азаншы кезекті қабарында "намазға асығыңдар"-деп жанталасуда. Сен намазға жауап беру арқылы құтылуға асықпай отырған жоқ шығарсың. Анау азан сені тазаруға шақырып тұр, ластанған нәпіс әмірінен,  дүние қоңыздықтан сәл шегініп, азан дауысымен бірге іштей күбірлеп, мешітке қарай бет алғайсың.

Азаншы тағыда анық дауысымен "құтылуға асығыңдар"-деп ой тастады. Құтылу демекші бұған қалай жауап берсем деп ойланып тұрған болма. Дүние және ақырет бақыты азан дауысындағы талаптарға еш күмәнсіз бойұсынудан туындайды. Қайыр да, берекет те сені асыға күтуде. Себебі, Жаратушымыз Аллаға құлдары арасынан ең жағымдысы шақыруына құлақ асып, әмірін орындауда  асығыстық танытқан құлдары екен. Азанда сенің фарз намазыңды орындауыңды ескертіп, жақсы үміттерге үндеуде. Ең биігіде шәйтанның құрығынан босау, ақыреттік азаптан құтылу ... 

Азаншы, азанын Алланы ұлықтаумен бастап Оны ұлықтаумен аяқтап, келесі таңдауды саған қалдырды. Жауап бер, бермесең жауапқа тартыласың, сол күнді күт. Жоқ, олай қылма, бұр мойныңды, бар мешітке, бүк тізені, қыл рукүғ, жаса сәжде, Жаратылыс пен емес ЖАРАТУШЫҢМЕН намаз қылу арқылы сөйлес, арыл тірліктің мінгізген зілді тұзағынан, кең көсіл, шарықта рухани әлемде...

Аманкелді ҚУАНЫШҰЛЫАманкелді ҚУАНЫШҰЛЫ
2 жыл бұрын 888
3 пікір