Асығып тұрамыз...
Асығып тұрамыз...

Мұсылмандар арасынан бәзбіреуі қайбір фәтуаны оқып сонымен амал қылуға асығыстық танытып жатады. Тіпті басқаларында солай итермелеуге, реті келсе мәжбүрлеуге құмартып, тебініп тұрады. Бұл талпынысы адамдар арасында күтпеген, елеңдететін жағдайға себеп болып нәтижесінде бүлдіріп қойғанына қарап жатпайды. 

Шын мәнінде ықласты болу, діндар болу мен дін ақиқаты бір-бірінен ажырамайтын біртұтастық емеспе. Бүлік шығару, бөлектену кімге не береді. Біраз ойлансақ, адам пендесінің жаратылысында асығушылық бар. Сол асығудан болып талайлар өкінді ғой, шіркін. Қайбіреуіміз болмайық Алланың кітабынан бір аят оқып, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадистерінен бір хадис оқып, ғалымдарымыздың кітаптарынан біраз беттерін ақтарып, ондағы мақсат етілген мағыналарды түсінуде асығыстыққа беріліп, артына іле шала тағы асығыстықпен амал етіп жүзеге асыруға ұмтыламыз. 

Құран аяттарын, хадис шәріфтерді түсіну тұрғысында талайлар өмірін арнады дегенге тоқталып жатпаймыз. Иә, біз жылдам жылдам қылып, сәуаптарға кенеле салып, апыл-ғұпыл тезірек жәннатқа бара салсақ дейміз. Арзан ұжмақ түгілі, түкке тұрмайтын дүниеге қол жеткізу үшін барымызды салып жүрміз дегенге тоқталсақ, Алланың уәдесіндегі "САУДАЛАСУ" қымбат  болса керек. Өте биікте, үмітпен ұялып төмен қарап, кібіртіктеп асығыспен бітпейтінін мойындаумен, бұл жолда уақыт жұмсап, қадалған шегедей байлануға даярлануға асығуға барсыз ба? 

Асығыстық демекші бұл өзі біздің табиғи жаратылысымызда бар екені соншалық ХАҚ Тағала тарапынан адамдарға жіберілген Пайғамбарлар (ғ.с) "әй адам баласы Алланың азабы бар, қорқынышты"-дегенінде асығыстықпен "қане дәл қазір төбемізден жай түскендей, азапты көрсетші"-дегізді. Жаратушымыз уағы келгенде олардыда жер бетінен өшіріп, азабымен ұштастырды. Асыққандардан  ғибрат толы қиссалар бізге мұра қалды, ескерту болды. 

Асығып тұрамыз, аптығып тұрамыз. Бір жоспар қыламыз, асығып нәтижесін көргіміз келеді. Жақсы хабарын тез тез алып, той думанды көңілді армандаймыз, бірақ тез болса екен. Біз асығып күткен көп істер көзімізде, ойымызда қайырлы сияқты болғанымен керісінше зиянды, тағыда зиянды деп шүйіркеніп ренжулі жүргенімізде оның керісінше қайырлы екені уақыт еншісінде кездесіп жатады. Ал біз асығып, жінігіп ауыздығын шайнаған нәпсімізге еліктеп тұрамыз. Бұлдағы, сынақ майданындағы құлдарды сүзбеден өткізетін тәсілдің түрлерінен .

Асығыс жасалған іс шала. Асығу шәйтаннан. Алланың дінін үйрену АМАНАТ. Аманатты жеткізу асығуды емес, сіңіріп жетілуді, сенімді дәрежеге ұласқанында басқаға ұсынуды міндет білейік. Шала-пұшық, асығыстықпен бүйректен сирақ ғана боламыз.

Біреуге пайдалы болмасамда зияным тимесіншіні ұран етіну, асығысы барларға қатты ұстаным... Алланың кітабына, Пайғамбарының (с.ғ.с) сүннетіне асығыңыз, бірақ басқаларға жетекшілік етуге, жөнсілтеуге өмір бойы асықпаңыз !

Аманкелді ҚУАНЫШҰЛЫАманкелді ҚУАНЫШҰЛЫ
2 жыл бұрын 546
0 пікір